Бағдарлама жайлы
01.
Приоритет
Энергия, озық материалдар және көлік

Теңіз операцияларында тиімді пайдалануға бағытталған технологияларды әзірлеу және энергия үнемдейтін технологиялар арқылы Каспий теңізінің қазақстандық секторында экономикалық тиімділікті, теңіз инфрақұрылымын және теңіз операцияларын басқаруды технологиялық дамыту бойынша зерттеулер жүргізу, бағыттарды оңтайландыру және Каспий өңірінің экологиялық тұрақтылығын арттыру үшін мұнай төгілуін болдырмау шараларын жетілдіру.

02.
Мақсаты
03.
Міндеттер

1.Теңіз операциялары мен порт инфрақұрылымын басқаруды оңтайландыру үшін цифрлық технологияларды дамыту;

2.Қоршаған ортаға шығарындылар әсерін азайтуға баса назар аудара отырып, теңіз және порт қызметінің энергия тиімділігі мен экологиялық тәуекелдеріне бағалау жүргізу;

3.Теңіз операциялары мен порттары үшін баламалы энергия көздерінің әлеуетіне талдау жүргізу, бұл көздерді қолданыстағы инфрақұрылымға біріктіруге назар аудару;

4.Нарықтағы бәсекеге қабілеттілік перспективалары мен экспорттық мүмкіндіктерін бағалай отырып, жоғары технологиялық өндірісті дамыту;

5.Теңіздегі басқару және жаңартылатын энергия саласында инновациялық технологияларды қолдану бойынша ғылыми негізделген әдістемелік ұсыныстар дайындау;

6.Порт акваторияларының спутниктік мониторингі бойынша географиялық ақпараттық жүйесін құру.

1-бағыт: Кеме қозғалысы үшін оңтайлы түрлендірілген экологиялық таза отын көздерін әзірлеу. 

2-бағыт: Каспий теңізінің жаһандық таяздануына байланысты оңтайландырылған кеме бағыттарын дамыту.

3-бағыт: Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жұмыс істеп тұрған нысандар үшін болжамды мұнай төгілуін жою моделін әзірлеу.

4-бағыт: Жасыл сутегін тасымалдау мен сақтаудың қауіпсіз және тиімді әдістерін әзірлеу және зерттеу.

04.
Күтілетін нәтижелер