Серікбаева Ақмарал Қабылбекқызы

– техника ғылымдарының кандидаты, профессор. Есенов университетінің «Экология және геология» кафедрасы.
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Серікбаева Ақмарал Қабылбекқызы 1996 жылы Х.А. Яссауи атындағы ХҚТУ «экология» мамандығын, 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «химия» мамандығы магистратурасын, ал 2003 жылы «ҚР Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық Орталық» РМК-да аспирантураны аяқтаған. Ғылыми мансабын «ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу Ұлттық орталығы» РМК-да (Алматы қ.) 1997 жылы инженер лауазымынан бастады, ғылыми мектептің кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер кәсіби сатылары бойынша өтті. 2008 жылы Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтында (Қарағанды қ.) 05.16.02 — Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

2011 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының доценті лауазымына қабылданды. 2015 жылдан 2020 жылға дейін «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2020 жылдан қазірге дейін профессор қызметінде.

Серікбаева Ақмарал Қабылбекқызы 2017 жылы Тәуелсіз Қазақстанның Рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін ҚР БҒМ «Құрмет грамотасымен» марапатталды, 2017 ж. білім мен ғылымды дамытудағы зор үлесі үшін «Шахмардан Есенов» атындағы төс белгісімен марапатталды. ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы-2019» мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.  2019 жылы ҚР ҒЖБМ-ң «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды. 2024 жылы ҚР ҒЖБМ  “Мемлекеттік стипендия иегері”  болды. 2024 жылы Ғылым мен технология саласындағы елеулі табысы мен ғылыми қызметкерлерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін “Ғылым үздігі” ҚР ҒЖБМ Құрмет дипломымен мараптталды.

А.Қ Серікбаева «Технологияны коммерцияландыру орталығы» ЖШС (Астана, 2014 ж.), «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (Астана, 2016 ж.), «Ғылым қоры» АҚ (Астана, 2017 ж.), «ARQA» ҰАҚ (Астана, 2019 ж.) сарапшысы болып табылады. ҚР Ұлттық Ғылыми кеңесінің мүшесі (министрдің 05.06.2023 күнгі №258 бұйрығы). Маңғыстау облысы әкімі жанындағы Ғылыми кеңес мүшесі.

Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша 180 — нен астам ғылыми еңбек, 12 — ҚР патентінің авторы, 7-ғылым туындыға авторлық құқық; Web of Science және Scopus базаларына жататын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 27 мақала, Хирш индексі екі базада да 6 (алты), КОКСОН тізбесіндегі журналдарда 80-ден астам мақала жариялаған. Шығармашылық еңбектер – 25 (2- оқу құралы ҚР БҒМ РОӘК грифімен және 10 монография, оның 3-і ағылшын тілінде) жарық көрген.

2016-2017 жылдары Қытайда «Department of international cooperation Ministry of science and technology the PRC» мекемесінде Халықаралық курстарға қатысып  «Орталық Азияда минералды ресурстарды игерудің өңірлік геологиясы мен технологиясы» (2016 ж.) және  «Орталық Азияда Ғылым мен техника саласында басқарушы кадрларды даярлау» (2017ж.) тақырыптарын меңгерген. 2023 жылы Ташкент ғылым академиясының геология институтында халықаралық тағлымдамадан өтті. 2024 жылы Түркияның Istanbul Ticaret University ғылыми тағылымдамадан өтті.

ҚР ҒЖБМ гранттық, нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру негізінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

ҚР БҒМ 2012-2014 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру негізіндегі «Каспий теңіз суының мұнай өнімдерінен өзін-өзі тазарту қабілетін белсендіру » тақырыбында ғылыми жобаның жауапты орындаушысы.  

ҚР БҒМ 2013-2014 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша «Құрамында сирек металл бар техногендік шикізатты күкіртпен сульфидтеудің физика — химиялық заңдылықтарын зерттеу» тақырыбындағы жоба жетекшісі.

ҚР БҒМ 2015-2016 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша «Дәстүрлі байыту схемасына дайындау мақсатында аралас тотыққан кендер мен техногендік минералды түзілімдерді сульфидтеу технологиясының физика-химиялық негіздері» тақырыбындағы жоба жетекшісі.

ҚР БҒМ 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша AP08856022-OT-20 «Мұнай битумдарын өнеркәсіптік және тұрмыстық полимерлі қалдықтармен модификациялау» тақырыбындағы жобаның орындаушысы.

ҚР ҒЖБМ 2022-2024 жылдарға «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған AP15473356 » Битум зауытының сарқынды суларын тазартуға арналған гелиоқондырғы әзірлеу » тақырыбындағы жобаның ғылыми кеңесшісі.

ҚР ҒЖБМ 2023-2025 жж. ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған АР19677917 «»ҚазАзот» АҚ жағдайында түйіршікті аммоний сульфатын синтездеу технологияларын әзірлеу»  тақырыбындағы жоба жетекшісі.

ҚР ҒЖБМ 2023-2025 жылдарға «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған АР19175679″Ақтау қаласы ауданындағы Каспий теңізінің шығыс жағалауының экологиялық жағдайын кешенді зерттеу және бағалау» тақырыбындағы жобаның ғылыми кеңесшісі.

ҚР ҒЖБМ 2024-2026 жылдарға «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған AP22686075 «Маңғыстау өңірінің құрамында литий бар табиғи және сарқынды суларының иондық-тұзды құрамдарын зерттеу және литийдің өнеркәсіптік көздерін анықтау» тақырыбындағы жобаның ғылыми кеңесшісі.

ҚР ҒЖБМ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық  зерттеулерін гранттық қаржыландыру ЖТН АР23490657 «Солтүстік Каспийдің қазақстандық секторының экологиялық жағдайы мен су динамикасын зерттеу» жобасының орындаушысы.

Университет жанындағы «6D060800 – Экология» мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін беруге диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы.

Ғылыми жетекшілігімен халықаралық, республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарға, ғылыми жобаларға студенттер, магистранттар қатысып өздерінің дипломдық жұмыстарын, магистрлік диссертацияларын қорғаған. Ғылыми жетекшілігімен магистранттар магистр атағына ие болып, қазір 4  докторанты қорғап, PhD ғылыми дәрежесін алды.

Өндірістік қалдықтарды және ақаба суларды қайта өңдеп, олардағы бағалы, сирек металдарды бөліп алу, ауыр металдарды зарарсыздандыру арқылы экологиялық таза технологияларды жасақтау, Каспий теңізінің экологиялық мониторингі.

  • Жобаның ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау;
  • Жиынтық аралық есепті дайындау, құрастыру, сараптау;  
  • Бағдарлама орындаушыларының жалпы және жеке жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысу;
  • Scopus/Web of Science дерекқорларында индекстелген журналдарға жіберу үшін бағдарлама шеңберінде бірлесіп жазған мақалаларды және/немесе шолуларды дайындау;
  • Экспедициялық жұмыстарға қатысу;
  • Зерттеу тақырыбы бойынша кездесулер мен іс-шараларға қатысу;
  • Патент беру.