Алтыбаева Жансауле Кыдыргалиевна

- жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Есенов университетінің «Экология және геология» кафедрасының аға оқытушысы, докторант.
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

2004 жылы Ш.Есенов атындағы «Ақтау мемлекеттік университетіне» түсіп, 2008 жылы «Биология және экология мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы оқуын жалғастырып, 2010 жылы Ш.Есенов атындағы «Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің» «Экология» мамандығы бойынша Жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды. Қазіргі таңда «Экология және геология» кафедрасының «Экология» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты.

             2010-2011 оқу жылында университетіміздің «Экология және ӨҚ» кафедрасында ассистент, 2011-2012 оқу жылында оқытушы, 2012-2013 оқу жылынан бастап аға оқытушы қызметін атқаруда.

             Осы қызметі кезінде кафедра профессорлары мен аға оқытушыларымен бірлесе отырып,  республикалық, халықаралық ғылыми журналдарда және ғылыми-тәжірибелік конференция жинақтарында ғылыми мақалалары, Scopus базасында 6 мақала  жарық көрді.

             «Еңбекті қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі» атты оқу-әдістемелік құралы, «Экология және тұрақты даму», «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері», «Су ресурстарын қорғау» пәндерінен электронды оқу құралы, «Өрт сөндіргіштер химиясы» пәнінен оқу құралы жасақталды.

           Докторант Алтыбаева Жансауле Кыдыргалиевнаның Алтыбаева Жансауле Кыдыргалиевнаның ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы — «Кешенді минералды тыңайтқыштарды алу технологиясын ғылыми негіздеп әзірлеу және олардың қоршаған ортаға әсерін экологиялық бағалау».

ҚР ҒЖБМ 2023-2025 жж. ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған АР19677917 «»ҚазАзот» АҚ жағдайында түйіршікті аммоний сульфатын синтездеу технологияларын әзірлеу» тақырыбындағы жобаның ғылыми қызметкері.

ҚР ҒЖБМ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық  зерттеулерін гранттық қаржыландыру ЖТН АР23490657 «Солтүстік Каспийдің қазақстандық секторының экологиялық жағдайы мен су динамикасын зерттеу» жобасының ғылыми қызметкері.

Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, минералды тыңайтқыштарды алу технологиясы

  • Кескіндерді жинау және талдау,
  • Математикалық модельдер мен әдістерді талдау,
  • Әдебиеттерге шолу жасау.