Ахмет Рамазан

– Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің докторанты.
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Ахмет Рамазан 2021 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Экология» мамандығы бойынша бітірген. 2023 жылы Нарxоз университетінде 6M052000 – «Экология» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. Қазіргі уақытта Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде (Есенов университеті) 8D05201 – «Экология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторантурада білім алуда.

Ахмет Рамазан – қоршаған орта саласында тәжірибеге ие маман. Ол «Chem-Invest Export» компаниясында инженер эколог, Қазақстанның тұрақты даму орталығында экологиялық практик, Ақтау теңіз солтүстік терминалында эколог ассистент ретінде жұмыс істеген, Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығында экологиялық практикант. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны басқару басқармасының қалдықтарды басқару және жоспарлау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.

«Экологиялық таза жүйелерді құру үшін төмен көміртекті тұзсыздандыру технологияларын зерттеу және талдау» тақырыбына бағытталған. Оның негізгі мақсаты – суды тазарту әдістерінің тиімділігін арттырып, оларды су тапшылығы бар аймақтарға бейімдеу. Осы бағытта биологиялық, химиялық немесе аралас әдістерді зерттеп, Қазақстанның су ресурстарын тұрақты пайдалану бойынша инновациялық шешімдер ұсынуда.

Ахмет Рамазан ағылшын тілін жетілдіру, ғылыми коллаборациялар орнату, және ресурстарға қолжетімділікті арттыру мақсатында кәсіби даму және халықаралық бағдарламаларға белсенді қатысады. Оның ғылыми зерттеулері суды қайта пайдалану, биологиялық және химиялық тазарту әдістері, мембраналық биореакторлар (MBR), реттелетін биореакторлар (SBR), қозғалмалы қабатты биореакторлар (MBBR) және тұзды суды булану тоғандары арқылы тазарту технологияларын қамтиды.

Мақалалар жазу, экспедициялық жұмыстарға қатысу, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу