Бисембаева Қарлығаш Танбаевна

- техника ғылымдарының кандидаты, Есенов университетінің «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент).
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

1996 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде К. Т. Бисембаева 2002 жылдан бері жұмыс істейді.

Бисембаева Қарлығаш Танбаевна 2008 жылы «Атырау Мұнай және газ институты» РМҚК жанындағы Д 14.50.03 диссертациялық Кеңесінде «мұнай өндіруді қарқындату үшін мұнай шоғырларына әсер ету әдістерін зерттеу (Өзен кен орны мысалында)»тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. ЖАК 25.11.2008 ж. шешімімен К. Т. Бисембаеваға техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

Ғылыми жұмыстың мақсаты — қорларды өндіруді қарқындату мақсатында көп қабатты кен орнын реттеу әдістерінің тиімділігін арттыру болды. Қорларды өндіруді қарқындату процесіне қатысатын қабаттың жұмыстық қалыңдығын бағалауға мүмкіндік беретін жетілдірілген әдіс ұсынылды.

Қорғаудан кейін Қарлығаш Танбаевна ғылыми зерттеу саласында жұмысын жалғастырды.

Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері 80-нен астам ғылыми еңбектердің жарияланымдары болып табылады.

К.Т. Бисембаева аға ғылыми қызметкер ретінде ҚР БжҒМ қаржыландырған «Ұңғымалардың кенжарына флюидтерді сүзудің математикалық моделін құрастыру» және «Кенорнының  өндірілуі күрделі қорларынан көмірсутектердің өнімділігін арттыру» ғылыми жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс жасады. 

Бисембаева К.Т. Маңғыстауда мұнай және газ кен орындарын игеру кезінде туындайтын проблемаларды шешу бойынша жұмыс істеді.  Атап айтқанда, Карлыгаш Танбаевна «Optimum»жобалау институты» ЖШС және Есенов университеті жасасқан шартқа сәйкес «Шағырлы-Шөмішті кен орнындағы ұңғымалардың саңылаулы және бітелген қимасын химиялық өңдеу» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын орындайтын ғылыми топтың жетекшісі болып табылды.  

            Педагогикалық қызметкер бола отырып, Бисембаева К. Т. өзінің біліктілік деңгейін үнемі арттыруға және жетілдіруге және ғылым мен техниканың заманауи дамуына сәйкес көкжиегін кеңейтуге ұмтылады. 2012 жылдың қазан айынан бастап халықаралық білім беру жобасы IEMAST командасының мүшесі болды — Ш. Есенов атындағы КМТИУ Tempus IV халықаралық бағдарламасының «Магистрлік оқытуды жетілдіру». Осы жобаны іске асыру шеңберінде 2013 жылда Карлыгаш Танбаевна Швеция елінің Стокгольм қаласындағы Корольдік технологиялық институтында (Royal Institute of Technology) біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2019 жылы Британдық Кеңес, «Теңізшевройл» ЖШС және Маңғыстау облысының әкімдігінің Маңғыстау облысындағы ағылшын тілі мен жаратылыстану-ғылыми пәндерінің оқытушыларын кәсіптік жағынан дамыту «English for Success» 2 жылдық жобасына қатысып, «Best Jigsaw activity» номинациясы бойынша жеңіске жетті.

2020 жылы Американдық Кеңес жанындағы Халықаралық білім беру бойынша Central Asia University Partnerships Programm (UniCEN) гранты бойынша «STEM Content Integrated with Language-Learning Activities (SCILLA)» халықаралық жобаның орындаушысы болып табылды. 

            Жоғарыда аталған халықаралық білім беру жобалары барысында игерілген жаңа заманауи техникалар мен оқыту әдістерін Бисембаева Қарлығаш Танбайқызы оқу процесінде белсенді қолданады.

            2020 жылдан бастап Erasmus+халықаралық бағдарламасының «New Courses in Geospatial Engineering for Climate Change Adaptation of Coastal Ecosystems / GEOCLIC» халықаралық жоба командасының мүшесі болып табылады.

            «500 ғалым» жобасы бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында 09.10.2023 ж. бастап 17.02.2024 ж. дейін Бисембаева Карлыгаш Танбаевна Гамбург қолданбалы ғылымдар университетінде (Haw Hamburg, Германия) «Сутегі энергетикасы» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Бисембаева К.Т. педагог және ғылыми қызметкер ретінде «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша білікті кадрлар, бакалаврлар, магистрлер және PhD докторларын дайындауға елеулі үлес қосуда.  Карлыгаш Танбаевнаның ғылыми жетекшілігімен 1 докторант докторлық диссертациясын сәтті қорғап 8D07210 – Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды. 

     ҚР Ғылым және Жоғары Білім Министрлігінің Қазақстанның Республикасының білім беру жүйесін дамытуға  қосқан зор үлесі үшін Алғыс хатпен  және Құрмет грамотасымен марапатталды.

Құрлықтағы және теңіздегі мұнай және газ кен орындарын игеру тиімділігін арттыру, кен орындарын игеру кезіндегі экологиялық тәуекелдерді зерттеу..

  • Эксперименттік жұмыстарға қатысу,
  • мақалалар жазу,
  • PhD докторын дайындау.