Гусманова Айгул Гайнуллаевна

– т.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент), Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Инжиниринг» факультетінің деканы қызметін атқарады.
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары
Марапаттары
Сертификаттары

1995 жылы Ақтау политехникалық институтының «Мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.

2005 жылы «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша магистратураның күндізгі бөлімін бітіріп, техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алды.

2006  жылы «БАЗ сулыерітіндісін қолдану кезінде қабаттың мұнай беруін арттыру әдістерін жетілдіру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

ҚР БҒМ БҒСҚАК 2007 жылғы 30- мамырдағы шешімімен (№5 хаттама) 25.00.17-«Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану»мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

ҚР БҒМ БҒСБК 2011 жылғы 31 наурыздағы шешімімен (№3 хаттама) «Пайдалы қазбаларды игеру» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

2012 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша грант иегері атанып, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясының Мұнай және газ геологиясы институтында тағылымдамадан өтіп, PhD докторы ғылыми дәрежесін алды. Әзірбайжан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Геология институтында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар 2020ж. Жулдыз Университет, Турция елінде сондай-ақ 2024ж. Westminster Central College тақырыбында«Corporate Leadership &Governance» және Cantenbury Christ Chrurch University тақырыбында«Al application in business and creative problem-solving leading change: What,s your story? Globalisation and social advocacy» Англия елінде тағылымдамадан өтті.

Айгул Гайнуллаеваның ғылыми бағыты өзекті мәселелерге, авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы оннан астам куәлік бар.

Қазақстанда және шетел баспаларында 90-ден аса ғылыми, оқу және әдістемелік мақаласы, сонымен қатар Скопус базасында 8 мақаласы жарияланған. Индекс Хирша 2 (Scopus Author ID: 57750692600) және монография мен 16 оқу құралының авторы. Және де ағылшын тілінде 1 оқу құралының авторы.

2008 жылы А.Г.Гусманованың жетекшілігімен А.Т.Жолбасарова кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды, сондай-ақ 8D07210-Мұнай газ ісі мамандығы бойынша PhD докторанттары:Р.А. Бекбаева және Г.Е.Қонаева қорғап, PhD ғылыми дәрежелерін алды.

Ғылыми жобаларға қатысуы:

2023-2025жж. ҚР ҒЖБМ AP19679430 «Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағыннан ауытқу технологияларын қолдану» гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасының зерттеу тобының мүшесі (№ 0123РК00944 мемлекеттік тіркеу). 2022-2024жж.

AP 14871988 ҚРБҒМ гранттық қаржыландырудың «Жылу сорғысы негізінде күн-жылу тұщыландыру қондырғысын әзірлеу» жоба атқарушысы.

2023-2026жж. АР19677917 ««ҚазАзот» АҚ жағдайында түйіршікті аммоний сульфатын синтездеу технологияларын әзірлеу» жоба атқарушысы.

2024-2026жж. арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында ЖТН BR24992964 «Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз операцияларының экологиялық тұрақтылығы мен тиімділігін дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» гранттық қаржыландырудың ғылыми мега-жобасының зерттеу тобының мүшесі болып табылады.

Университет жанындағы 8D07210-Мұнай газ ісі мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін беруге диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі.  «Yessenov Science» ғылыми журналының рецензенті.

Құрлықта және теңізде кенорындарын пайдалану үрдісінің тиімділігін арттыру, мұнай және газ кенорындарын игеру жүйелерін реттеу әдістерін жетілдіру.

  • Эксперименттер мен талдауларды үйлестіру;
  • Бағдарлама бойынша материалдарды және жабдықтарды сатып алуға өтінімдерді дайындауда сипаттамаларды айқындау;
  • Бағдарлама негізінде кейінгі қорғауға докторанттарды дайындау;
  • Мақалаларды дайындау бойынша авторлық ұжымның құрамына қатысу;
  • Нәтижелерді енгізу мүмкіндігін ескере отырып, ынтымақтастық туралы келісімшарттардың жобалары бойынша ұсыныстарды іріктеу.

Қазақстан Республикасы Ел басының «Алғыс хаты», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Алғыс хаты», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасы, Облыс әкімінің «Алғыс хаты», Облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің» Үздік оқытушысы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «ЖОО-ның 2010 жылғы үздік оқытушысы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «ЖОО-ның 2023 жылғы үздік оқытушысы», Білім беру саласындағы үздік менеджер төс белгісі, YU төс белгісі, Есенов университетінің 45 жылдығы төс белгісі, Актау-60 жыл төс белгісін иеленді.

  1. Халықаралық сертификат Жулдыз Университет, Турция (05.01-19.01.2020жж.);
  2. Халықаралық сертификат Westminster Central College «Corporate Leadership & Governance», Англия (15.12.2023г.-26.01.2024жж.);
  3. Халықаралық сертификат Cantenbury Christ Chrurch University «Al application in business and creative problem-solving leading change: What,s your story? Globalisation and social advocacy», Англия (22.01-09.02.2024жж.);