Джаналиева Нұргүл Шәріпқалиқызы

- философия докторы (PhD), Есенов университетінің «Экология және геология» кафедрасының аға оқытушысы.
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Сырлыбекқызы Самал 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2011 жылы 6М060800-«Экология» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, 2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Геоақпараттық технологияларды қолдану арқылы Каспий теңізі жағалауындағы мұнай өндірілетін аймақтың экологиялық мониторингі» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, 6D060800 – «Экология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды. ҚР БҒМ БҒССҚК 2021 жылы Экология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Сырлыбекқызы Самал ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы-2017» мемлекеттік сыйлығының иегері. 2022 жылы ҚР ҒЖБМ-ң «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды. 2023 жылы «Талантты жас ғалымдарға арналған» мемлекеттік ғылыми стипендия иегері. 2024 жылы ҚР ҒЖБМ «Ғылым үздігі» Құрмет дипломының иегері. 2019 ж. білім мен ғылымды дамытудағы зор үлесі үшін «Шахмардан Есенов» атындағы төс белгісімен және еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы күміс медалімен марапатталды. 2018 ж. «Лучший молодой ученый Yessenov University» дипломымен марапатталды. Маңғыстау облысының «Жас ғалым-2013» номинациясы, «Жас тұлпар-2015» облыстық жастар премиясының иегері.

ҚР өнеркәсіп және құрылыс Министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі (министрдің 15.11.2023 күнгі №81 бұйрығы). Маңғыстау облысы әкімі жанындағы Ғылыми кеңес мүшесі, ғылыми хатшысы. Scopus базасындағы «Ecologica Montenegrina» Халықаралық ғылыми журналдың (51 процентиль) рецензенті.

Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша 170-тен астам ғылыми мақала, оның ішінде Халықаралық шетел ғылыми журналдарында, Web of science ақпараттық компаниясының деректер базасында импакт-факторға ие басылымдарда – 12 және Скопус деректер базасына кіретін басылымдарда – 34 мақаласы жарияланған. Хирша индексі – 7. Шығармашылық еңбектер – 25 (17 оқу құралы, үшеуі ҚР БҒМ РОӘК грифімен және 8 монография, оның ішінде 1 ағылшын тілінде). Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 4 патент, 17 әдебиеттік туындысына авторлық куәлік алған.

Қазақстан Республикасының өнертабысына 4 патент иегері (№ 2018/0409.1 19.09.2019 «Теңіз суын тұщыландыру тәсілі және құрылғысы»; № 3510 04.06.2021 «Мұнаймен ластанған топырақты биоремедиациялау тәсілі» өнертабысқа патент, № 2018/0409.1. 19.09.2024 «Теңіз суын тұщыландыру әдісі мен құрылғысы», «Күн сәулесінен жұмыс істейтін бассейн типтес су тұщыландырғыш» пайдалы модельге).

2024 жылы Түркияның Istanbul Ticaret University және Англияның Canterbury Christ Church University тағылымдамадан өтті. 2018 жылы QS World University Rankings нәтижелері бойынша ТОР-500 кіретін жетекші жоғары оқу орындары Санкт-Петербург политехникалық университетінде және Ташкент химия-технологиялық институтының ғылыми орталықтарында, «Суды тазартудың жаңа әдістерін, энергия және су үнемдеу технологияларын әзірлеу және қолдану» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

ҚР ҒЖБМ гранттық, нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру негізінде бірнеше ғылымизерттеу жұмыстарын жүргізуде.

ҚР БҒМ 2012-2014 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру негізіндегі «Каспий жағалауы аймағы мен техногендік объектілердің қоршаған орта компоненттерін кешенді зерттеудің ғылыми негіздемесі» тақырыбында ғылыми жобаның жауапты орындаушысы.  

ҚР БҒМ 2020-2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша AP08956547 «Каспий теңізінің Маңғыстау қайраңындағы теңіз ағындарының режимін пилоттық зерттеу» тақырыбындағы жобаның жауапты ғылыми қызметкері.

ҚР ҒЖБМ 2022-2024 жылдарға гранттық қаржыландыру конкурсы аясында AP14871988 «Жылу сорғысы негізінде күн-жылу тұщыландыру қондырғысын әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми жобаның ғылыми жетекшісі. AP14869522 «Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жағалау аймағы суларының гидрофизикалық режимі, экологиялық жағдайы және сапасы» тақырыбындағы жобаның жауапты орындаушысы.

ҚР ҒЖБМ 2022-2024 жылдарға «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған AP15473149 «Күн энергиясын қолдана отырып тұзды суларды тұзсыздандыру мәселесін кешенді шешу» тақырыбындағы жоба жетекшісі.

ҚР ҒЖБМ 2023-2025 жж. ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған АР19677917 «»ҚазАзот» АҚ жағдайында түйіршікті аммоний сульфатын синтездеу технологияларын әзірлеу» тақырыбындағы жобаның ғылыми қызметкері.

ҚР ҒЖБМ 2023-2025 жылдарға «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған АР19175786 «Ақтау және Құрық порттарының су айдындарының спутниктік мониторингі» және АР19175489 «ГАЖ технологияларын қолдана отырып, Шетпе-Оңтүстік бор карьерінде биоәртүрлілікті сақтаудың экологиялық аспектілерін ғылыми негіздеу» жобаларының ғылыми кеңесшісі.

ҚР ҒЖБМ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық  зерттеулерін гранттық қаржыландыру ЖТН АР23490657 «Солтүстік Каспийдің қазақстандық секторының экологиялық жағдайы мен су динамикасын зерттеу» жобасының бас ғылыми қызметкері.

Университет жанындағы «6D060800 – Экология» мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін беруге диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы. М. Әуезов атындағы ОҚУ 6D073100 – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»; Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 6D060800 – «Экология»; әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Геоботаника» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңес мүшесі.

Ғылыми жетекшілігімен халықаралық, республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарға, ғылыми жобаларға студенттер, магистранттар қатысып өздерінің дипломдық жұмыстарын, магистрлік диссертацияларын қорғаған. Ғылыми жетекшілігімен 21 магистрант магистр атағына ие болып, қазір 6 PhD докторанты қорғап, PhD ғылыми дәрежесін алуда.

Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, күн-жылу тұщыландырғышы, ақаба суларды тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.

Жобаны басқару, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазуға, экспедициялық жұмыстарға қатысу, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу.