Панғалиев Ербол Махамбетұлы 2009 жылы Жәнгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Балық шаруашылығы» мамандығын үздік бітірген. 2011 жылы Стамбул университетінің Инженерлік факультетіне (Стамбул қаласы, Түркия Республикасы) магистратураға түсіп, 2014 жылы «Инженер эколог» мамандығы бойынша аяқтап, 2024 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Орталық Қазақстандағы көлдердің эвалюциясы және экологиялық мәселелері» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, 8D05208 «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.
Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша 6 ғылыми мақала, оның ішінде Халықаралық шетел ғылыми журналдарында, Скопус деректер базасына кіретін басылымдарда – 3 мақаласы жарияланған. Хирша индексі – 2.
ҚР ҒЖБМ 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған AP14871346 «Экожүйенің экологиялық тұрақтылығының факторы ретінде Үлкен Талдыкөл көлінің гидробиоценозын анықтау және көлдегі суды тазарту үшін белгілі бактерия түрлерін пайдалану» жобасының орындаушысы.
Климаттың өзгеруі, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою, ластанған суларды биологиялық тазалау, көлдердің экологиясы және эвтрофикациясы.