Койшина Акмарал Итемгеновна 2003 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы 6М070800-«Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірді.
2016 жылы Баку қаласында Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының Геология және геофизика институтында «Композициялық жүйелерді әзірлеу, қабат пен ұңғымалардың геологиялық-физикалық және техникалық сипаттамаларының әсерін бағалау» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, 6D070800 – Мұнай және газ инженериясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.
2024 жылы іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды. (EMBA).
Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша 56-тен астам ғылыми мақала, оның ішінде Халықаралық шетел ғылыми журналдарында, Скопус деректер базасына кіретін басылымдарда – 8 мақаласы жарияланған. Хирша индексі – 2. Шығармашылық еңбектер – 16 (12 оқу құралы, 4 монография). Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 1 патент, 16 әдебиеттік туындысына авторлық куәлік алған.
ҚР ҒЖБМ гранттық, нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру негізінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
2024-2026жж. арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында ЖТН BR24992964 «Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз операцияларының экологиялық тұрақтылығы мен тиімділігін дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» гранттық қаржыландырудың ғылыми мега-жобасының зерттеу тобының мүшесі болып табылады.
Ғылыми жетекшілігімен халықаралық, республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарға, ғылыми жобаларға студенттер, магистранттар қатысып өздерінің дипломдық жұмыстарын қорғаған.
Мұнай және газдың құрылымдық-механикалық қасиеттерін зерттеу және оларды реттеу тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ мұнай-газ құрылғыларын жетілдіру.