5 қараша күні Есенов университетінің ҚР ҒЖБМ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының экологиялық орнықтылығы мен тиімділігін дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» тақырыбы аясындағы бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру бағдарламасы аясында алғашқы зерттеу тобының отырысы өтті.
Кездесу барысында концорциум мүшелері Л.М. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Ионосфера институты ғалымдары алдағы жұмыс жоспары аясында орындалатын зерттеу жұмыстарымен, материалдық-техникалық базаларымен таныстырып өтті.
Бағдарлама аясында теңіз операцияларында тиімді пайдалануға бағытталған технологияларды әзірлеу және энергия үнемдейтін технологиялар арқылы Каспий теңізінің қазақстандық секторында экономикалық тиімділікті, теңіз инфрақұрылымын және теңіз операцияларын басқаруды технологиялық дамыту бойынша зерттеулер жүргізу, бағыттарды оңтайландыру және Каспий өңірінің экологиялық тұрақтылығын арттыру үшін мұнай төгілуін болдырмау шараларын жетілдіру арқылы, академиялық басымдық орталығын құру жоспарда бар.
Бұл бағдарламаны іске асыру инновациялық энергетикалық шешімдер арқылы Маңғыстау облысында баламалы көздерді пайдалану үлесін ұлғайту, бұл елдің жаңартылатын энергетикасын дамытуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Маңғыстау облысының өңірлік ЖЖОКБҰ аумағында теңіз озық технологияларын цифрландыру бойынша академиялық артықшылық ғылыми-зерттеу орталығын және «жасыл» порттарды басқарудың демонстрациялық моделін құру жөніндегі мәселелерді шешеді, бұл су индустриясы үшін кемелерді басқару схемалары мен жаңа технологиялардың оңтайлы техникалық шешімдерін ұсынуға, сондай-ақ энергия шығындарын және ықтимал технологиялық және экологиялық тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді, шығарындылардың қоршаған ортаға техногендік әсерін төмендету, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тиімді шаралар әзірлеу, жоғары технологиялық өндірісті дамытуға мүмкіндік береді.