Ожикенова Жанат Фархатовнаㅤㅤㅤбас ғылыми қызметкер

Ожикенова Жанат Фархатовна

– философия докторы (PhD), Есенов университетінің «Энерегтика және автоматтандыру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Жанат Фархатовна 2014 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2016 жылы Томск политехникалық ұлттық зерттеу университетінің магистратурасын «Жылуэнергетикасы және жылутехникасы» мамандығы бойынша үздік аяқтап, 2021 жылы Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Бу газ қондырғылы жылу электр станцияларының зиянды шығарындыларын азайтуға арналған техникалық шешімдерді әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, 6D071700 – «Жылуэнергетикасы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.

2016-2022 ж.ж. аралығында Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Алматы энергетикака және байланыс университетінде «Қолданбалы механика және инженерлік графика», «Жылу электр станциялары» кафедраларында қызмет етті.  

Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша 50-ге жуық ғылыми  еңбек, оның ішінде Халықаралық шетел ғылыми журналдарында, Web of science, Скопус ақпараттық компаниясының деректер базасында импакт-факторға ие басылымдарда – 6 мақала авторы, басқа да шығармашылық еңбектер – монография, оқу құралдары, Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 8 патент, Халықаралық патент ұйымының 1 патенті авторы. Хирша индексі – 1.

Халықаралық Евразиялық патент агенттігінің №039073 «Двухъярусная горелка» өнертабыс патенті, Қазақстан Республикасының өнертабысына 8 патент иегері (№ 35168 «Двухъярусная горелка»; № 35167 «Фронтовое устройство камеры сгорания», № 34766 «Горелочное устройство котла-утиллизатора парогазовой установки», № 34802 «Микромодульные форсунки», № 34610 «Камера сгорания газотурбинной установки», № 34972 «Факельная горелка», № 34943 «Микромодульная воздушная форсунка, имеющая форму трубы Вентури» өнертабысқа патент ).

2021 жылы QS World University Rankings нәтижелері бойынша ТОР-500 кіретін жетекші жоғары оқу орындары Ресейдің Томск қаласындағы ұлттық политехникалық зерттеу университетінен тағылымдамадан өтті. 2024 жылы Астана қаласы Агротехникалық университетіндегі ғылыми орталықтарында, «Жылуэнергетикасы мен жылутехникасы, оларды математикалық модельдеу» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.   

ҚР ҒЖБМ гранттық, нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру негізінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

ҚР БҒМ 2013-2015 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру негізіндегі «Исследование причин высокой коррозионной активности золовой пульпы в системе оборотного гидрозолошлакоудаления тепловой электростанции и создание технологии по предотвращению коррозии оборудования» тақырыбында ғылыми жобаның жауапты орындаушысы.  

ҚР БҒМ 2019-2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша AP05134025 «Исследование и разработка микрофакельных фронтовых устройств, комплексных технических решений с целью повышения экологической безопасности работы газотурбинных установок в Казахстане» тақырыбындағы жобаның жауапты ғылыми қызметкері.   

Ожикенова Жанат Фархатовна  ғылыми жетекшілігімен халықаралық, республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарға, ғылыми жобаларға студенттер, магистранттар қатысып өздерінің дипломдық жұмыстарын қорғаған. Ғылыми жетекшілігімен 7 магистрант ғылыми зерттеу жұмысын жасауда.

Энергетикалық объектілердің қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуды, энерго үнемділігі мен тиімділігін арттыруды зерттеу. Газ турбиналы, бу газ қондырғыларының жану процесстерін оңтайландырудағы зерттеулер, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мен сутегінің жану процесстерін зерттеу.

Жоба барысындағы жұмыстарды жоспарлау, мақалалар жазуға, эксперименттік жұмыстарға қатысу, дөңгелек үстелдер мен басқа да кездесулерде баяндамалар жасау, мультифизикалық бағдарламаларда математикалық модельдеу жұмыстарын жасау, энергетика бағыты бойынша кварталдық есеп берулерді рәсімдеу.