Баймукашева Шынар Хабибуллиевнаㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤжетекші ғылыми қызметкер

Баймукашева Шынар Хабибуллиевна

– философия докторы (PhD), Есенов университетінің «Экология және геология» кафедрасының аға оқытушысы.
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Баймукашева Шынар Хабибуллиевна 1976 жылы 12 шілде айында Атырау облысы, Қылылқоға ауданында  дүниеге келген.

1992 жылы Атырау мұнай газ Институтында «Отын мен көміртекті материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша білім алып,     1997 жылы  «химия технология инженері» мамандығы бойынша дипломын алды.

2007 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг Университетіне «Экология» мамандығы бойынша магистратураға оқуға қабылданып, 2009 жылы ғылыми педагогикалық бағыты бойынша магистратураны бітіріп,  Экология магистрі дипломын алды.

2017 ж. Білім беру мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары, студенттерді, тәрбиеленушілерді практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру  жобаларындағы жетістіктері үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

2019 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг Университетіне экология мамандығы бойынша доктарантураға қабылданып, 2024 жылы «Жаңаөзен қаласының коммуналдық-тұрмыстық сарқынды суларынан улы ингредиенттерді  жоюдың биологиялық процестерін зерттеу және оңтайландыру» тақырыбына жазылған ғылыми диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алды. 

Қазіргі таңда 2002 жылдан бері Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг Универтитетінің Инжиниринг факультетіндегі «Экология және геология» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. Сонымен қатар бакалавр, магистратура  бойынша білім алушыларға ғылыми жетекшілік қызметін атқаруда.

Жарияланымдары:

20 -ден астам ғылыми еңбектің, 12 оқу құралының және 1 монографияның авторы.

Халықаралық тағылымдамалары:

2019 ж. Стамбул қаласындағы  Босфордың Еуропа жағында орналасқан түрік жоғары оқу орны Босфор университетінде (тур. Boğaziçi Üniversitesi) ғылыми тағлымдамадан өтті.

Қазіргі таңдағы табиғаттағы экожүйелерді қорғаудың ең өзекті мәселелерінің бірі ластанған сарқынды суларды тазарту және кәдеге жарату. Жер ресурстарын қорғау;  ағынды суларды тазарту; механикалық, биологиялық, физика-химиялық ағынды суларды залалсыздандыру; экологиялық биотехнология; су тазарту қондырғылары; ағынды суларды тазарту құрылыстары.

Ғылыми мақалаларды жазу, жұмыстарды жоспарлау, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді рәсімдеу.