Каражанова Марал В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына оқуға түсіп, 1992 жылы «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірді.
2014 жылы Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы Мұнай және газ институтының диссертациялық кеңесінде «Сорап жабдықтарының сенімділігін талдау және бағалау негізінде ұңғымалардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін арттыру» тақырыбында диссертациясын қорғап, 03.01.2015 ж. техникалық ғылымдар бойынша PhD дәрежесін, 2017 жылы 6070800-Мұнай газ ісі мамандығы бойынша PhD доктор дәрежесін алды (Қазақстан). ҚР БҒМ БҒССҚК 2024 жылы 20700 – «Қоршаған ортаны қорғау инженері» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
«International Conference on Applications of Fuzzy Systems, Soft Computing and Artificial Intelligence Tools» Халықаралық жыл сайынғы конференциясының ұйымдастыру алқасының мүшесі, Хплықаралық SPE (Society of Petroleum Engineers) қоғамының студенттер эдвайзері.
М.К.Каражанованың 60–тан астам мақаласы, оның ішінде 21-і Web of Science және Scopus базаларына жататын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда және БССҚЕК тізбесіндегі журналдарда жарияланған, Хирша индексі – 7. Шығармашылық еңбектер бар, оның ішінде – 10 – оқу құралы және 2 монография жарық көрген, сонымен қатар тәжірибелік және зертханалық сағаттарды орындауға арналған оқу-әдістемелік нұсқаулары бар.
2013 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Әзірбайжан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында ғылыми тағылымдамадан өтті, 2024 жылы Клаусталь техникалық университетінде (Германия) «Cұйықтық сипаттамаларын зерттеу ж»не қабаттың мұнайбергіштігін арттыру» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
«Шағырлы Шөмішті» кенорнындағы ұңғымалардың сазды және кольматацияланған учаскелерін химиялық өңдеу» шаруашылық келісім жобаның жауапты орындаушысы болды (2019);
Ғылыми жетекшілігімен халықаралық, республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарға, ғылыми жобаларға студенттер, магистранттар қатысып өздерінің дипломдық жұмыстарын, магистрлік диссертацияларын қорғаған. Ғылыми жетекшілігімен 20-дан астам магистрант, 1 PhD докторант қорғап, 3 PhD докторант зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Кенорындарды игеру жүйелерін жетілдіру, құрылықтағы және теңіздегі кенорындарын пайдалану процесінің тиімділігін арттыру.
«Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жұмыс істеп тұрған объектілер үшін болжамды мұнай төгілуін жою моделін әзірлеу» бағыты бойынша техникалық және ұйымдастырушылық аспектілерін үйлестіреді