2025 жылдың 20 ақпанында ҚР ҒЖБМ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында BR24992964 «Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз операцияларының экологиялық орнықтылығы мен тиімділігін дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» бағдарламасы зерттеу тобының отырысы өтті.

Кездесу барысында бағдарламаның ағымдағы барысы, күнтізбелік жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Зерттеу тобы мүшелері орындалған міндеттер, қол жеткізілген нәтижелермен бөлісіп, алдағы уақытта атқарылуы тиіс негізгі бағыттарды нақтылады. Талқылау теңіз операцияларының қоршаған ортаға әсерін азайту және жалпы тиімділікті арттыру үшін инновациялық шешімдерді әзірлеуге арналды.

Отырыс барасында зерттеу тобының мүшелері жобаны сәтті аяқтау және оның нәтижелерін Каспий өңірі мен елдің игілігі үшін жүзеге асыруда сарапшылармен және серіктестермен ынтымақтасуды жалғастыратындығын жеткізді.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like