Бекбаулиева Алия Аскаровна – «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты (2011).
Ш. Есенова атындағы Ақтау университетін «Газ мұнай құбырларын және газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша 1999 жылы бітірген. 2006 жылы 6М07210 «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған. 2010 жылы Энергия ресурстарын тасымалдау проблемалары институтында «Мұнай құбырларын ішкі коррозиядан қорғаудың әдісі мен техникалық құралдарын жетілдіру» тақырыбындағы диссертациясын қорғап 25.00.19. «Мұнай және газ құбырларын, базаларды және қоймаларды салу және пайдалану» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2013-2015 жылдары«Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ Colorado School of Mines университетінде халықаралық тағылымдамадан өтті.
Ғылыми жетекшілігімен 20-дан астам магистрант магистр атағына ие болды.
30-дан астам ғылыми мақала, оның ішінде Халықаралық шетел ғылыми журналдарында, Скопус деректер базасына кіретін басылымдарда – 2 мақаласы жарияланған. Хирша индексі – 1. Шығармашылық еңбектер – 25 (10 оқу құралы, оның ішінде 2 ағылшын тілінде). 8 әдебиеттік туындысына авторлық куәлік алған.
ҚР ҒЖБМ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық зерттеулерін гранттық қаржыландыру ЖТН АР23490657 «Солтүстік Каспийдің қазақстандық секторының экологиялық жағдайы мен су динамикасын зерттеу» жобасының жетекші ғылыми қызметкері.
Кәсіпшілік құбырларды ішкі коррозиядан қорғауды жетілдіру.
Аймақтардың гидродинамикалық және климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, мұнай төгілулерінің әрекетін модельдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.
Аймақтардың гидродинамикалық және климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, мұнай төгілулерінің әрекетін модельдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.
Талаптарды жинау, талдау және қолданыстағы бағдарламалық шешімдерді талдау. Мұнай төгілуін модельдеуге арналған қол жетімді бағдарламалық өнімдерге шолу және олардың функционалдығын, артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау.
Каспий теңізінде мұнайдың төгілуі мен таралуының алдын алу бойынша стратегияларды әзірлеу. Тестілеу және жөндеу.