6-тамызда Yessenov University BR24992964 «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының тиімділігін және экологиялық тұрақтылығы дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» бағдарламасы аясында «Материалдар тұтастығы және беткі қабаттар» қолданбалы зертханасы ашылды.
Бұл зертхана материалтану, инженерия және өндірістік технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды тереңдетуге арналған. Жаңа зертхана қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталып, материалдардың механикалық қасиеттерін, микроструктурасын, коррозиялық төзімділігін және беткі қабаттардың сапасын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.
Бұл зертхананың ашылуы – ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға үлкен қадам. Зертхана сонымен қатар студенттер, жас ғалымдар мен зерттеушілер үшін тәжірибе алмасу, ғылыми ізденістер жүргізу және инновациялық жобаларды жүзеге асыру алаңына айналмақ.