
Опахай Серікжан – философия докторы (PhD), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Еуразиялық физико-энергетикалық зерттеулер мен ғылымды қажет ететін технологиялар» ғылыми-зерттеу институтының директоры.
Опахай Серікжан 2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Химия» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2012 жылы 6М060600-«Химия» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, 2022 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Металл тіреуіші негізіндегі қатты оксидті отын элементтері» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, 6D060500 – «Ядролық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.
Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша 20-дан астам ғылыми мақала, оның ішінде 10 Халықаралық шетел ғылыми журналдарында, Web of science ақпараттық компаниясының деректер базасында импакт-факторға ие басылымдарда – 6 және Скопус деректер базасына кіретін басылымдарда – 5 мақаласы жарияланған. Хирша индексі – 6. Шығармашылық еңбектер – 2 (1 оқу-әдістемелік құралы және 1 монография).
ҚР ҒЖБМ гранттық, нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру негізінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:
2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру негізіндегі AP09261208 «Жоғары меншікті сипаттамаға ие микротүтікті қатты оксидті отын элементтерін әзірлеу» тақырыбында ғылыми жобаның жауапты ғылыми қызметкері.
ҚР ҒЖБМ 2022-2024 жылдарға «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған AP13268769 «Жұқа пленкалы қатты оксидті отын элементтері үшін кеуекті металлокерамикалық негізді әзірлеу және синтездеу» тақырыбындағы жоба жетекшісі.
ҚР ҒЖБМ 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалы нысаналы қаржыландыру бойынша BR21882359 «Қазақстанда сутегі энергиясын жоғары тиімді енгізу үшін сутегі және энергия өндіруші құрылғыларды өндіру, сақтау, тасымалдаудың жоғары ғылымды қажет ететін технологияларын әзірлеу және қолдану» тақырыбындағы жобаның жауапты ғылыми қызметкері.
ҚР ҒЖБМ 2025-2027 жылдарға жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған AP27510681 «Металл тіреуіші негізіндегі энергиялық тиімді қатты оксидті отын элементтерін әзірлеу және зерттеу» тақырыбындағы жоба жетекшісі.
Ғылыми зерттеу бағыты:
Баламалы энергетика, сутегі энергетикасы, қатты оксидті отын элементтері, анод, катод, электролит материалдары, жұқа пленкалы материалдар, сутегін жоғары тиімді сақтайтын материалдар
Бағдарламада орындайтын жұмыстары:
Эксперименттік және модельдеу жұмыстары, алынған нәтижелерді өңдеу және талдау, мақалалар жазу, экспедициялық жұмыстар мен ғылыми конференцияларға қатысу
Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, күн-жылу тұщыландырғышы, ақаба суларды тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.
Жобаны басқару, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазуға, экспедициялық жұмыстарға қатысу, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу.