Жүнісбеков Амангелді Мағмұрұлы

Жүнісбеков Амангелді Мағмұрұлы

Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Жүнісбеков Амангелді Мағмұрұлы, 1971 жылы туған, ұлты қазақ. 1988 жылы Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылының № 1 орта мектебін аяқтады. 1993 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика факультетін «физика» мамандығы бойынша бітіріп, бакалавр дипломын алды.

1994 жылдың қыркүйегінен 1997 жылдың қарашасына дейін Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оптика және толқындық процестер кафедрасында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1997 жылдың қарашасынан 1999 жылдың қыркүйегіне дейін аталған университеттің Арнайы материалдар ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болды. 1999 жылдың қыркүйегінен 2001 жылдың тамызына дейін ҚарМУ-дың оптика және толқындық процестер кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

1999 жылдың желтоқсанында 01.04.07 – «Қатты дене физикасы» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2010 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде физика саласы бойынша PhD дәрежесін алды.

2001 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Астана қ., Қазақстан) техникалық физика кафедрасының доценті және Энергетика мен функционалдық материалдар ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері болып қызмет етеді.

А.М. Жүнісбеков 70-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы, Қазақстанда және шетелде өткен халықаралық конференцияларға қатысқан. 2006 жылы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияға ие болды. 13 ғылыми гранттың жүзеге асуына қатысты, оның ішінде «Experienced Lab Sample MV EM High Performance Electric Machine» жобасы бар. Ғылыми зертханаларды ұйымдастыру және басқару тәжірибесі мол.

Ғылыми тағылымдамалардан өтті:

  • Тарту университеті Физика институты, Эстония (2008, 2009);
  • Башқұрт мемлекеттік университеті, Уфа қ., Ресей (2012);
  • Билькент университеті, Анкара қ., Түркия (2016).

Марапаттары: жас ғалымдарға арналған мемлекеттік грант иегері.

Қазақ (ана тілі), орыс (C2) және ағылшын (B2) тілдерін меңгерген.

Негізгі ғылыми қызмет бағыттары: конденсацияланған күй физикасы, кристалдар мен органикалық молекулалардың спектроскопиясы, вакуумдық ультракүлгіннен бастап инфрақызыл аймаққа дейінгі спектроскопия әдістері, лазерлік физика, спектрлік аспаптар, люминесценция, криогендік зерттеулер, импульстік электрондық үдеткіштермен жұмыс.

Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, күн-жылу тұщыландырғышы, ақаба суларды тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.

Жобаны басқару, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазуға, экспедициялық жұмыстарға қатысу, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу.