Дауренбеков Дулат Хайретенұлы

Дауренбеков Дулат Хайретенұлы

Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Дауренбеков Дулат Хайретенұлы – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры.

2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ді «Техникалық физика» мамандығы бойынша (бакалавриат, үздік дипломмен) тәмамдады. 2013 жылы «Техникалық физика» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 2016 жылы «Физика» мамандығы бойынша диссертациясын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2016 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің техникалық физика кафедрасында оқытушы болып бастады. 2017–2018 жж. аға оқытушы, 2018–2023 жж. – ағылшын тілінде дәріс берген доцент міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап қауымдастырылған профессор (ҚР БҒСБК).

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын бірқатар ғылыми жобалардың жетекшісі және қатысушысы. Олардың ішінде: 2024–2026 жж. жобасы – «Жаңа люминофорлық материалдар алу үшін икемді 2D квазикөлденең нанопластиналардың морфологиясын зерттеу» (жетекші), 2020–2022 жж. жобасы – «Күн энергиясын тиімді түрлендіруге арналған сирек жер иондарымен легирленген люминесценттік кванттық нүктелерді синтездеу және зерттеу» (жетекші), 2018–2019 жж. жобасы – «Кремнийлі күн батареяларының тиімділігін арттыруға арналған жартылай өткізгіш кванттық нүктелер негізіндегі люминесценттік түрлендіргіштер» (аға ғылыми қызметкер), 2016–2018 жж. жобасы – «Жартылай өткізгіш нанобөлшектердегі күн сәулесін түрлендіру механизмдері мен люминесценциясы» (ғылыми қызметкер).

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдарда жоғары импакт-факторлы 30-дан астам мақала жариялады (Scopus ID: 56030590500). 2019 жылы ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан «Кремний фотоэлектрлік элементінің (SPC) энергияны түрлендіру тиімділігін арттыру әдісі» атты патент алды. 2017 жылы ғылым мен кадрлар даярлаудағы жетістіктері үшін ҚР Білім және ғылым министрінің алғыс хатымен марапатталды. Ағылшын тілін еркін меңгерген (IELTS 6.0, 27.12.2022).

Ғылыми жетекшілігімен 15 бакалавр, 12 магистр даярланып шықты, қазіргі уақытта 4 PhD докторантқа жетекшілік етуде. 2023 жылдан бастап 8D05323 – «Техникалық физика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің уақытша мүшесі, университеттің этика комиссиясының және Физика-техникалық ғылымдар институтының ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі.

Негізгі ғылыми қызығушылықтары – кванттық нүктелерді, наноматериалдарды, люминесценцияны және жартылай өткізгіш наноқұрылымдардың оптикалық қасиеттерін зерттеу, сондай-ақ күн фотоэлектрлік элементтерінің тиімділігін арттыруға арналған люминесценттік материалдарды әзірлеу.

Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, күн-жылу тұщыландырғышы, ақаба суларды тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.

Жобаны басқару, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазуға, экспедициялық жұмыстарға қатысу, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу.