
Әлібай Темірұлан Талғатұлы – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физика-техникалық институтының Техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы.
Мен, Әлібай Темірұлан Талғатұлы, 1993 жылдың 4 шілдесінде Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физика-техникалық факультетіне «6В072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша грантқа оқуға түстім. 2015 жылдың маусым айында «бакалавр» академиялық дәрежесін алып, сол жылдың қыркүйек айында дәл сол мамандық бойынша және сол университетке грантқа магистратураға түстім. 2017 жылы магистратураны аяқтап, «6М072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алдым. 2019-2022 жылдар аралығында «8D05323 — Техникалық физика» мамандығы бойынша докторантурада оқыдым. Оқу барысында диссертация тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізілді. 2023 жылдың 22 желтоқсанында диссертациялық жұмысымды сәтті қорғап, «8D05323 — Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алдым. Диссертациялық жұмыс тақырыбы: «Қоспалардың сілтілі және сілтілі жер металдарының сульфаттарында ақаулардың пайда болу эффективтілігіне әсері».
2014 жылы маусымнан қыркүйекке дейін Пенсильвания штатының (АҚШ) Lehigh университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өттім. Тағылымдамаға қаржылық қолдауды Shakhmardan Yessenov Foundation коммерциялық емес ғылыми ұйымы қамтамасыз етті. Тағылымдама барысында мен микрофлюидті арналардағы сұйықтықтардың мінез-құлқын зерттедім.
2016 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми базасында орындалып жатқан ғылыми зерттеулерді гранттық, бағдарламалық-жобалық қаржыландыру жобаларында қызмет атқарып келемін. Хирш инексі — 4
ҚР ҒЖБМ гранттық, нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру негізінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
ҚР БҒМ 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру негізіндегі AP23488657 «Комбинированные излучательные электронные состояния в сульфатах и фосфатах для передачи энергии от матрицы к излучателям» жобасында жетекші ғылым қызметкер болып жұмыс жасаймын.
ҚР БҒМ 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру негізіндегі AP23490788 «Изучение морфологий гибких 2D квазидвумерных нанопластинок для получения новых люминофорных материалов» жобасында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасаймын.
ҚР ҒЖБМ 2023-2025 жж. ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған AP19676416 «Квази-екі өлшемді кадмий халькогенидті нанопластиналар және олардың гетероқұрылымдарын синтездеу және зерттеу» тақырыбындағы жобаның жетекші ғылыми қызметкері.
ҚР ҒЖБМ 2024-2026 жж. ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған AP23490788 «Жаңа люминофорлық материалдарды алу үшін иілгіш 2D квазиекіөлшемді нанопластинкалардың морфологиясын зерттеу» тақырыбындағы жобаның аға ғылыми қызметкері.
ҚР БҒМ 2024-2026 жылдарға арналған жас ғалымдардың гранттық қаржыландыру негізіндегі AP22788773 «Синтез и исследование керамики на основе катионо-замещенного гидроксиапатита, полученного из биологического сырья» жобасында ғылыми қызметкер болып жұмыс жасадым.
ҚР БҒМ 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық – мақсатты BR21882359 «Развитие и применение наукоемких технологий производства, хранения, транспортировки водорода и электрогенерирующих устройств для высокоэффективного внедрения водородной энергетики в Казахстане» жобасында жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс жасадым.
2025 жылы іскерлік келісім шарт негізіндегі BR24992964 «Разработка интегрированных энергосберегающих технологий для развития экологической устойчивости и эффективности морских операций в казахстанском секторе Каспийского моря» жобада жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс жсаймын.
Ғылыми зерттеу бағыты:
Қатты дене физикасы, радиациялық физика, радиоэкология, иондық кристалдар спектроскопиясы. Диэлектриктер физикасы.
Бағдарламада орындайтын жұмыстары:
Экперименттік жұмыстар, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазу, шарттар мен есептерді ресімдеу.
Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, күн-жылу тұщыландырғышы, ақаба суларды тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.
Жобаны басқару, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазуға, экспедициялық жұмыстарға қатысу, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу.