Ахметова Айжан Сеелкановна

Ахметова Айжан Сеелкановна

Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Ахметова Айжан Сеелкановна – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Техникалық физика» кафедрасының аға оқытушы.

Ахметова Айжан Сеелкановна 2013 жылы А.Байтұрсынова атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы 6M060400-«Физика» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, 2025 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «CdTe квази екі өлшемдік наножүйелер: электрондық қозу энергияларын тасымалдау, оптикалық және электрондық қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, «8D05323 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алдым. 

ҚР ҒЖБМ гранттық, нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру негізінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 

ҚР ҒЖБМ 2022-2024 жылдарға «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған AP15473137 «Кадмий халькогенидінің нанопластинкаларының бүйірлік және жазық аралық өсуінің оптоэлектрондық қасиеттерін синтездеу және зерттеу»  тақырыбындағы жоба жетекшісі. 

ҚР ҒЖБМ 2023-2025 жж. ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған AP19676416 «Квази-екі өлшемді кадмий халькогенидті нанопластиналар және олардың гетероқұрылымдарын синтездеу және зерттеу» тақырыбындағы жобаның жетекші ғылыми қызметкері.

ҚР ҒЖБМ 2024-2026 жж. ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған AP23490788 «Жаңа люминофорлық материалдарды алу үшін иілгіш 2D квазиекіөлшемді нанопластинкалардың морфологиясын зерттеу» тақырыбындағы жобаның аға ғылыми қызметкері.

Осы уақытқа дейін 15-тан астам ғылыми мақалаларым республикалық және халықаралық рецензияланатын басылымдарда жарық көрді. Scopus және Web of Science базасына енген 6 мақалаларым бар. Халықаралық конференцияларға қатысып, ғылыми нәтижелерімді шетелдік ғылыми қауымдастыққа таныстырып келемін.

Педагогикалық қызметімде «Техникалық физика», «Жалпы физика», «Наноматериалдардың физикасы», «Оптика» т.б. пәндерінен дәріс оқимын, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасаймын. Бакалавр және магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, жас ғалымдардың кәсіби дамуына атсалысамын.

Ғылыми зерттеу бағыты: 

Жартылай өткізгіш наноқұрылымдардың морфологиясын, энергетикалық деңгейлерін, оптикалық және люминесценттік қасиеттерін зерттеу, жаңа люминофорлық материалдар алу.

 

Бағдарламада орындайтын жұмыстары:

Жобаны басқару, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазуға,  баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу.

Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, күн-жылу тұщыландырғышы, ақаба суларды тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.

Жобаны басқару, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазуға, экспедициялық жұмыстарға қатысу, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу.