
Айдарбеков Нұрсұлтан Көпжасарұлы – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, жылуэнергетика кафедрасының аға оқытушысы.
Айдарбеков Нұрсұлтан Көпжасарұлы 2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің физика мамандығының бакалаврын, 2016 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде магистратураны бітірген. 2021 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантураны аяқтап, 2023 жылдың қаңтар айында «Қос перовскиттерді қатты оксидті отын элементтері үшін катодтық материал ретінде зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, 6D060500 – «Ядролық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.
Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша 20-дан астам ғылыми мақала, оның ішінде Халықаралық шетел ғылыми журналдарында, Web of science ақпараттық компаниясының деректер базасында импакт-факторға ие басылымдарда – 8 және Скопус деректер базасына кіретін басылымдарда – 10 мақаласы жарияланған. Хирша индексі – 3.
ҚР ҒЖБМ гранттық, нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру негізінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
ҚР БҒМ 2018-2021 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасындағы сутекті энергетика технологиясын дамыту» жобасы аясында физикалық-энергетикалық зерттеулер және ғылымды қажет ететін технологиялар зертханасында жоғары температуралы электрохимиялық құрылғыларға арналған электродтық материалдардың сипаттамаларын зерттеу тобының ғылыми қызметкері.
ҚР ҒЖБМ 2022-2024 жылдарға «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған AP15473333 «Қос перовскиттерден қатты оксидті отын элементтері үшін катодтық материалдарды әзірлеу және жасау» тақырыбындағы жобаның жетекшісі.
ҚР ҒЖБМ 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немеесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру AP26104931 «ҚООЭ қолдану үшін тұрақтылық пен беріктік сипаттамаларын арттыра отырып, содопанттармен модификацияланған электролиттік материалды қалыптастыру әдісін әзірлеу және құру» тақырыбындағы жобаның жетекшісі.
Ғылыми зерттеу бағыты:
Перспективалы функционалдық материалдар, сутегі энергетикасы, отын элементтері.
Бағдарламада орындайтын жұмыстары:
Сутекті энергетикасы мен төмен көміртекті энергетикаға арналған материалдарды тәжірибелік сынақтардан өткізу, жобаның кезеңдік нәтижелерін талдау және қорытынды есептерді дайындау.
Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, күн-жылу тұщыландырғышы, ақаба суларды тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.
Жобаны басқару, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазуға, экспедициялық жұмыстарға қатысу, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу.