Алена Елисеева Викторовна

Алена Елисеева Викторовна

– техника ғылымдарының магистрі, аналитика және қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу саласында он жылдан астам тәжірибесі бар.
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Алена Елисеева Викторовна — техника ғылымдарының магистрі, аналитика және қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу саласында он жылдан астам тәжірибесі бар. Оптикалық және радиолокациялық спутниктік кескіндерді тақырыптық өңдеуде үлкен тәжірибеге ие (алдын-ала өңдеу, сүзгілерді таңдау, сегменттеу және жіктеу). Әртүрлі көздерден алынған ЖҚЗ деректерін талдау және өңдеу дағдылары дамыған, Python және R бағдарламалау тілдерін, сондай-ақ ҰГЗ талдау негіздерін меңгерген. Жобалық менеджмент қағидаттары бойынша жұмысты ұйымдастыра алады және халықаралық байланыстарды тиімді құра алады. H-index: 1 (Researcher-ID: AAS-6088-2020, https://orcid.org/0000-0002-6161-6293, Scopus-ID:57200140989).

спутниктік деректерді өңдеу әдістерін әзірлеу және жетілдіру, ТЖ ғарыштық мониторингі жүйелерін автоматтандыру.

орман өрттері, су тасқыны, қар көшкіні және ПГ шығарындылары мониторингінің автоматтандырылған жүйелерін құру және енгізу; спутниктік деректерді өңдеу алгоритмдерін әзірлеу.