Бекмырза Кенжебатыр Жағыпарұлы

Бекмырза Кенжебатыр Жағыпарұлы

Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Бекмырза Кенжебатыр Жағыпарұлы 1983 жылы туылған, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 2005 жылы үздік дипломмен бітірген. 2005-2007 жылдары аталған университетте «Физика» мамандығы бойынша магистратураны оқып аяқтаған. 2006-2008 жылдары Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Физика және оқыту әдістемесі» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2008-2011 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторантурасында «6D060400 – Физика» мамандығы бойынша білім алды. 2014 жылы 26 желтоқсанда Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің диссертациялық кеңесінде PhD диссертациясын қорғады. 2011 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Техникалық физика» кафедрасында аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы, зерттеуші-оқытушы болып қызмет атқаруда. 2021 жылы «Физика» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие болды. Хирш индексі – 13 (Scopus).

Қолданбалы гранттық жобалар мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындауда жоба жетекшісі және орындаушы ретінде белсенді қатысады: 

Жоба жетекшісі:

  1. AP19680484 «Анод тұғыры бар планарлық қатты оксидті отын элементін қалыптастырудың жоғары тиімді әдісін әзірлеу және жасау».

Бағдарламалық нысанды қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларының орындаушысы:

  1. BR21882359 «Қазақстанда сутегі энергетикасын тиімді енгізу үшін сутегіні өндіру, сақтау, тасымалдау және электр энергиясын өндіретін құрылғылардың ғылымды қажет ететін технологияларын дамыту және қолдану».
  2. BR05236795 «Қазақстан Республикасында сутегі энергетикасы мен технологияларын дамыту».

Гранттық қаржыландыру жобаларының орындаушысы:

  1. AP23490700 «Нанокомпозитті термоэлектрлік материалдардың физика-химиялық қасиеттерін іргелі эксперименталды зерттеу – олардың жоғары энергетикалық тиімділікке жетуі үшін».
  2. AP15573675 «Термоэлектрлік модульдер мен натрий-иондық батареялар үшін нанокомпозитті материал өндірісін құру».
  3. AP14871005 «Қолданбалы сипаттағы жұмыстарда пайдаланылатын аппараттарды ұзақ мерзімді энергиямен қамтамасыз ету үшін радиоизотопты термоэлектрлік генераторларды өндірудің ғылыми-техникалық негіздерін әзірлеу».
  4. AP14871197 «Жоғары тиімді термоэлектрлік генераторларды жасауға перспективалы мыс негізіндегі супериондық халькогенидтерден жасалған нанокомпозитті материалдардың физикалық қасиеттерін іргелі және қолданбалы зерттеулер».
  5. AP09261208 «Жоғары өнімді сипаттамалары бар микротүтікшелі қатты тотықты отын элементін әзірлеу».
  6. AP08856636 «Натрий-ионды аккумуляторлар үшін жоғары энергиясыйымдылығы бар электрод материалдарын әзірлеу».

Қазақстан Республикасында, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде 100-ден астам ғылыми еңбектері жариялаған. Олардың ішінде Scopus деректер базасына енген журналдарда 42 мақала, Web of Science деректер базасына енген журналдарда 32 мақала, 4 патент және 5 авторлық куәлікке ие.

Зерттеуші-оқытушы Бекмырза К.Ж. ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға үлкен үлес қосуда. Оның жетекшілігімен 1 философия докторының (PhD) диссертациясы және 10 магистрлік диссертация қорғалды. Қазіргі уақытта 2 PhD докторантының ғылыми жетекшісі болып табылады.

Бекмырза Кенжебатыр Жағыпарұлы университеттің зерттеуші-оқытушысы болып табылады және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін білім беру үрдісінде табысты қолдануда. «Техникалық физика» мамандығының студенттері, магистранттары және докторанттары сутегі энергетикасы бойынша арнайы жабдықталған бірегей зертханалық қондырғыларда дипломдық және диссертациялық жұмыстары бойынша толыққанды зерттеулер жүргізуде. Философия докторы дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі.

Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, күн-жылу тұщыландырғышы, ақаба суларды тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.

Жобаны басқару, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазуға, экспедициялық жұмыстарға қатысу, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу.