Чажабаева Маржан Маликовнаㅤㅤаға ғылыми қызметкер

Чажабаева Маржан Маликовна

«Машина жасау және көлік» кафедрасының қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

 

Чажабаева Маржан Маликовна 1968 жылдың 30 қыркүйегінде дүниеге келген.

Жоғары білімді В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында (Алматы қаласы) «Мұнай-газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша алып, 1991 жылы аталған институтты үздік бітіріп, «инженер-механик» біліктілігін иеленді.

2005 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің магистратурасын «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша үздік аяқтады.

2008 жылы Алматы қаласындағы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында 05.22.08 – Тасымалдау процестерін басқару мамандығы бойынша «Жүктерді жеткізудің көліктік-логистикалық сұлбасын оңтайландыру (Ақтау теңіз порты мысалында)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Чажабаева Маржан Маликовна мұнай-газ машиналарын жасау және логистика саласында терең білім мен мол тәжірибеге ие. Жоғары кәсіби даярлығы мен практикалық тәжірибесінің арқасында ол мұнай-газ саласындағы техникалық және логистикалық үдерістердің тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.

Ол 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы, олардың ішінде Scopus дерекқорына енген, импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған еңбектері бар. Ғылыми ізденістері технологиялық процестерді оңтайландыру, логистикалық сұлбаларды тиімді ету, сондай-ақ мұнай-газ саласына арналған жабдықтарды жетілдіру мәселелерін қамтиды.

Сонымен қатар, авторлықпен 4 оқулық, 5 монография және 6 оқу құралы жарыққа шыққан, олар техникалық жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде қолданылады.

Ғылыми кадрлар даярлау ісінде белсенді — магистранттардың диссертациялық жұмыстарына ғылыми жетекшілік етіп, мұнай-газ машиналарын жасау және логистика саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға үлес қосып келеді.

Марапаттары:

«Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған (куәлік №116, 16.07.2016 ж.);

Ш. Есенов атындағы университеттің 45 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталған.

 

Тасымалдау логистикасы, сораптарды, бұрғылау және мұнай-өндіру жабдықтарын диагностикалау мен жөндеу.

 

 

Қазіргі таңда «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының тиімділігін және экологиялық тұрақтылығы дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» (ИРН — BR24992964) жобасына қатысуда.

Зерттеу нысандары: Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз операцияларының тиімділігі менқауіпсіздігін түбегейлі жақсарту, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді азайту үшінтеңіз кемелеріне арналған экологиялық отын көздері саласындағы технологиялар менинженерлік инновациялар.