Джаналиева Нұргүл Шәріпқалиқызы

- философия докторы (PhD), Есенов университетінің «Экология және геология» кафедрасының аға оқытушысы.
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Джаналиева Нұргүл Шәріпқалиқызы философия докторы (PhD), Есенов университетінің «Экология және геология» кафедрасының аға оқытушысы.

Джаналиева Нұргүл Шәріпқалиқызы 2005 жылы Ақтау қаласында Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін 170340 — «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы Алматы қаласындағы Алматы энергетика және байланыс институтында 6М073100-«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірді. 2024 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінде 8D087 – қоршаған ортаны қорғау технологиясы, 6D060800 (8D05201)-Экология мамандығының кадрларын даярлау бағыты бойынша «Ақтау қаласының аумағы шегінде Каспий теңізінің теңіз бөлігі мен жағалау аймағын қашықтықтан зондтауды қолдана отырып геоэкологиялық зерттеу» тақырыбында диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми еңбектері, 4 монографиясы, 15 авторлық куәлігі, 10 оқу құралы бар.

ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша бірнеше жобалардың қатысушысы болып табылады.

ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру (2023-2025), 2023 жылғы 17 мамырдағы № 146 ЖГ-4 шарты негізінде AP19175679 Ақтау қаласы ауданындағы Каспий теңізінің шығыс жағалауының экологиялық жағдайын кешенді зерттеу және бағалау ғылыми жобасының жетекшісі.

Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, ақаба суларды тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.

Ғылыми мақалаларды жазу, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазуға, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді рәсімдеу.