1998 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетіне «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2003 жылы сәтті бітірді. 2012-2015 жылдары Астрахань қаласындағы Астрахан мемлекеттік техникалық университетінде «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша оқып, «магистр» атағын алды.
2018-2021 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің докторантурасында «Экология» мамандығы бойынша оқыды. Диссертациялық жұмыстың тақырыбы «Қоршаған ортаға қалалық ағынды сулардың тұнба жүктемесінің төмендеуін экологиялық бағалау». 2020 жылдың 10 ақпанынан 22 наурызына дейін Түркияның Стамбул қаласындағы Богазичи университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша 30-тен астам ғылыми мақала, оның ішінде Халықаралық шетел ғылыми журналдарында, Web of science ақпараттық компаниясының деректер базасында импакт-факторғаие басылымдарда – 2 және Скопус деректер базасына кіретін басылымдарда – 7 мақаласы жарияланған. Хирша индексі – 2. Шығармашылық еңбектер – 4 (2 оқу құралы, 2 монография).
Қалалық сарқынды сулардың артық тұнбасы жүктемесін қоршаған ортаға төмендету
Мақалалар жазу, экспедициялық жұмыстарға қатысу.