Койбакова Сымбат Еламановна

– философия докторы (PhD), Есенов университетінің «Экология және геология» кафедрасының профессоры.
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Койбакова Сымбат Еламановна 2001-2006 жылдар аралығында Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің инженерлік факультетінде «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша бітіріп, 2011-2013 ж.ж. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің 6М060800-Экология мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдап, 2017 жылы 6D060800-Экология мамандағының PhD докторантурасына түсіп 2021 жылы бітірген.

2022 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D083 Орман шаруашылығы (6D080700 — Орман ресурстары және орман шаруашылығы; 8D08302-Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандықтары) және 8D052 Қоршаған орта (6D060800-Экология; 8D05204-Экология мамандықтары) бойынша диссертациялық кеңесінде «Гелиоқондырғы әзірлеп сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Каспий теңізінің жағалауындағы Құмды мүйіс аймағын кешенді зерттеу» атты докторлық диссертациясын сәтті қорғап, 22.12.2022 жылы №336-нк бұйрығы негізінде 6D060800-Экология мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алды. Докторлық диссертация нәтижелері оқу үрдісіне («Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігі» және «Қоршаған орта факторларының әсеріне биотаның бейімделуі» пәндеріне)  және суды тұщылату технологиясы «Өзен» кенорнына енгізілген, өнертабысқа патент алынған №33969 14.06.2018 ж.

2007 жылдан бастап 2013 жылға дейін Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің инженерлік факультетінде «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасынынң ассистенті, 2010 жылы оқытушы  болып жұмыс жасады. 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің  Мұнай және газ факультетінде «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасында аға оқытушы ретінде қызмет жасады. 2019 жылдан бастап Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Экология және геология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Койбакова Сымбат Еламановна “ЖОО үздік оқытушысы-2024”, 2023 жылығ ҚР ҒЖБМ-ң “Құрмет грамотасы”, 2024 жылы  “Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгіге ие болды.

Ғылыми-педагогикалық өтілі 18 жылды құрайды.

Ғылыми қызығушылықтары -Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, теңіз суын тұщыландыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.

С.Е.Койбакованың 30 — дан астам мақаланың, 4 — ҚР патентінің авторы, 5-ғылыми туындыға авторлық құқық; Web of Science және Scopus базаларына жататын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 9 мақала, Хирш индексі екі базада да 2 (бір), ҚРҒЖБМ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінен тізбесіндегі журналдарда 6 мақала жариялаған. Шығармашылық еңбектер – 8 (4 — оқу құралы (қазақ тілінде) және 4 отандық монография) жарық көрген.

ҚР ҒЖБМ гранттық, нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру негізінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

  1. ҚР БҒМ гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасы «Каспий жағалауы аймағының экологиялық компоненттерін және техногендік объектілерді кешенді зерттеудің ғылыми негіздемесі» тақырыбында орындалды (2012-2014 ж.мемлекеттік тіркеу №0112РК02173) – жоба орындаушысы.
  2. ҚР БҒМ гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасы «Каспий теңізі суының мұнай өнімдерінен өзін-өзі тазарту қабілетін белсендіру» (2012-2014 ж) – жауапты орындаушы;

3) Шарттық жұмысы «Маңғыстау облысының шекарасындағы Солтүстік-Шығыс Каспий жағалау белдеуінің фондық жағдайы» (2019 ж.келісім шарт №42/19 27.09.2019) – орындаушы;

  1. Инициативті жоба «Ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін Каспий теңізінің жағалау аймағындағы теңіз суын тұщыландыру» (2018 ж.ж. № 018РКИО425 инвентарлық№ 0218РКИ0224) орындаушысы.
  2. Инициативті жоба «Әктас қалдықтарынан өнімділік сипаттамалары жоғары материалдардың жаңа түрлерін алу» (2018 жж.) орындаушысы.
  3. ҚР БҒМ гранттық қаржыландырудың «Каспий теңізінің Маңғыстау қайранындағы теңіз ағындарының режимін пилоттық зерттеу» (2020-2021 ж.ж. ИРН АР08956547) – ғылыми қызметкер

6.ҚР ҒЖБМ 2023-2025 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру AP19175786 «Ақтау және Құрық порттарының су айдындарының спутниктік мониторингі» жобасының ғылыми жетекшісі (2023-2025 ж.ж.).

  1. ҚР ҒЖБМ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық зерттеулерін гранттық қаржыландыру ЖТН АР23490657 «Солтүстік Каспийдің қазақстандық секторының экологиялық жағдайы мен су динамикасын зерттеу» жобасының ғылыми жетекшісі (2024-2026ж.ж.).
  2. 2023-2025 ж.ж. арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) негізінде орындалып жатқан BR21882122 «Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерін орнықты дамыту: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» тақырыптағы Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң 8 университетпен бірлесе орындап жатқан мега жобасының Есенов университетінен орындаушысы.

Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, күн-жылу тұщыландырғышы, ақаба суларды тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.

Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, мақалалар жазуға, экспедициялық жұмыстарға қатысу, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу.