Койшина Акмарал Итемгеновна

– философия докторы (PhD), Есенов университетінің «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Койшина Акмарал Итемгеновна 2003 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы 6М070800-«Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірді.

2016 жылы ​​Баку қаласында Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының Геология және геофизика институтында «Композициялық жүйелерді әзірлеу, қабат пен ұңғымалардың геологиялық-физикалық және техникалық сипаттамаларының әсерін бағалау» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, 6D070800 – Мұнай және газ инженериясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды.

2024 жылы іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды. (EMBA).

Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша 56-тен астам ғылыми мақала, оның ішінде Халықаралық шетел ғылыми журналдарында, Скопус деректер базасына кіретін басылымдарда – 8 мақаласы жарияланған. Хирша индексі – 2. Шығармашылық еңбектер – 16 (12 оқу құралы, 4 монография). Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 1 патент, 16 әдебиеттік туындысына авторлық куәлік алған.

ҚР ҒЖБМ гранттық, нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру негізінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

2024-2026жж. арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында  ЖТН BR24992964 «Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз операцияларының экологиялық тұрақтылығы мен тиімділігін дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» гранттық қаржыландырудың ғылыми мега-жобасының зерттеу тобының мүшесі болып табылады.

Ғылыми жетекшілігімен халықаралық, республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарға, ғылыми жобаларға студенттер, магистранттар қатысып өздерінің дипломдық жұмыстарын қорғаған.

Мұнай және газдың құрылымдық-механикалық қасиеттерін зерттеу және оларды реттеу тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ мұнай-газ құрылғыларын жетілдіру.

  • Теңіз түбінің геологиясын зерттеу бойынша мәліметтерді жинау және сұрақтарды зерттеу, есептерді рәсімдеу.
  • Мақалаларды дайындау бойынша авторлық ұжымның құрамына қатысу.
  • Негізгі орындаушылардың қолдарын жинау. Жиынтық есепті қалыптастыруға қатысу