Кубенова Маржан Маликовна

Кубенова Маржан Маликовна

Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Кубенова Маржан Маликовна – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының оқытушы-зерттеушісі.

Кубенова Маржан Маликовна 2012 жылы  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Аспап жасау» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы 6М074000 – «Нанотехнология және наноматериалдар» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, 2020 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6D072300 – «Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды және 2023 жылы Уфа ғылым және технологиялар университетінде 1.4.4. – «Физикалық химия» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды (Ресей Федерациясы, Уфа қ.). 

Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша 50-тан астам ғылыми мақала, оның ішінде Халықаралық шетел ғылыми журналдарында, Web of science және Scopus ақпараттық деректер базасына кіретін басылымдарда мақалалары жарияланған.  Хирша индексі – 8. Шығармашылық еңбектер – 1 оқулық, ҚР БҒМ РОӘК грифімен және 1 монография. Ұлттық зияткерлік меншік институтынан – 5 патент.

2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін М.М. Кубенова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Гранттық қаржыландыру жобаларының (ГҚ) және нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру (НБҚ) іске асыруға белсенді түрде жұмыстарын жүргізуде:

ГҚ: «Автономды электр станциялары үшін сутегі отынын алу, тазарту және сақтау» (2015–2017);

ГҚ: «Термоэлектрлік генераторлардың тиімділігін арттыру үшін жаңа нанокристалдық және нанокомпозиттік халькогенидті материалдарды әзірлеу және құру» (2015–2017);

НБҚ: «Қазақстан Республикасында сутегі энергетикасы мен технологиясын дамыту» (2015–2017);

НБҚ: «Қазақстан Республикасында сутегі энергетикасы технологиясын дамыту» (2018–2020);

ГҚ: AP09261208 «Спецификалық сипаттамалары жоғары микроқұбырлы қатты оксидті отын ұяшығын әзірлеу» (2021–2023);

ГҚ: AP08856636 «Натрий-ионды батареяларға арналған жоғары энергиялы электродтық материалдарды әзірлеу» (2020–2022);

ГҚ: AP14871005 «Қолданбалы жұмыстарда қолданылатын құрылғыларды ұзақ мерзімді энергиямен қамтамасыз ету үшін радиоизотопты термоэлектрлік генераторларды өндірудің ғылыми-техникалық негіздерін әзірлеу» (2022–2024);

ГҚ: AP14871197 «Жоғары тиімді термоэлектрлік генераторларды құру үшін перспективті жоғары мыс халькогенидтеріне негізделген нанокомпозиттік материалдардың физикалық қасиеттеріне іргелі және қолданбалы зерттеулер» (2022–2024);

НБҚ: BR21882359 «Қазақстанда сутегі энергиясын жоғары тиімді енгізу үшін сутегі мен энергия өндіруші құрылғыларды өндіру, сақтау, тасымалдаудың ғылымды қажет ететін технологияларын әзірлеу және қолдану» (2023-2025).

Ғылыми зерттеу бағыты: Баламалы энергия түрлерін зерттеу, сутекті энергетика,  орташа және жоғары температурадағы жұмыс істейтін  қатты оксидті отын элементтерінің физика-химиялық қаситерін зерттеу, мыс халькогенидтері негізіндегі фунционалды катодты наноматериалдарды әзірлеу.

Бағдарламада орындайтын жұмыстары: Катодты материалдарды синтездеу.

Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, күн-жылу тұщыландырғышы, ақаба суларды тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.

Жобаны басқару, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазуға, экспедициялық жұмыстарға қатысу, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу.