Ләйлім Тайжанова 1984 жылы 30 қарашада туған. Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде инженерлік-техникалық факультетінде 170340 – «Еңбек және өмір қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2007 жылы университетті үздік бітіріп, 2011-2013 жылдары Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің мұнай және газ факультетінде магистратурада оқуын жалғастырды.
2013 жылы«Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2018 жылы «Экология» мамандығы бойынша докторантураға түсті.
2023 жылы ««CASPI BITUM» Бірлескен кәсіпорын» ЖШС-дегі құрамында мұнайы бар өндірістік сарқынды суларды тазарту үрдістерін жетілдірудің экологиялық аспектілері» тақырыбында докторлық диссертациясынқорғады. Ол 50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, оның ішінде Scopus-тағы нөлдік емес импакт-факторлы жарияланымдар саны — 9.
2008 және 2012 жылдары Маңғыстау облысының «Үздік пилоттық экологиялық жоба» байқауында бірінші орын иегері. Ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, оның ішінде жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға, мегагранттар мен ғылыми жобаларға белсенді қатысады.
«Жас Ғалым» жобасы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Битум зауытының ағынды суларын тазартуға арналған гелиоқондырғыны әзірлеу» тақырыбындағы жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсы жобасының ғылыми жетекшісі, 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландырудың BR 21882122 «BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер»тақырыбындағы бағдарламаның, 2023-2025 жылдарға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша «“ҚазАзот” АҚ жағдайында түйіршікті аммоний сульфатын синтездеу технологияларын әзірлеу» тақырыбындағы жобаның зерттеу тобының мүшесі.
2024-2026 жылдарға гранттық қаржыландырудың «Солтүстік Каспий теңізінің қазақстандық секторы суларының экологиялық жағдайы мен динамикасын зерттеу» тақырыбындағызерттеу тобының мүшесі.
Сондай-ақ 2021 және 2023 жылдардағы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының үздік ғылыми жұмыстарының ғылыми жетекшісі.
Ағынды суларды тазарту және тұщыландыру, Каспий теңізінің су балансын зерттеу, Шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалау, Энергия үнемдеу.
Зерттелетін Каспий теңізі аймағының жоғары кеңістіктік ажыратымдылықтағы радиолокациялық және оптикалық кескіндерін жинау және талдау. Тәуекелдерді жіктеу және басқару: ықтималдық пен шығынға негізделген тәуекел классификациясын әзірлеу.