Жидебаева Айнур Ербулатовна 2008 жылы Қызылорда гуманитарлық университетін «География» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2011 жылы 6М060800- «Экология» мамандығы бойынша Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде магистратураны бітіріп, 2024 жылы Каспий технология және инжиниринг университетінде «Таулы Маңғыстаудағы Шетпе Оңтүстік бор кенорнындағы Каспий Цемент зауыты аймағының өсімдіктер және жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігін сақтау » тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
50-ден астам ғылыми еңбектері, 1 монографиясы, 10 авторлық куәлігі, 2 патенті, 8 оқу құралы бар. «Каспий жағалауы аймағының экологиялық компоненттерін және техногендік объектілерді кешенді зерттеудің ғылыми негіздемесі» тақырыбы бойынша (2012-2015 жж.). ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру жобасының орындаушы мемлекеттік тіркеу (№0112РК02173). «Өсімдіктердің биоәртүрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану үшін Маңғыстау шөлді аймағында ландшафтық-коллекциялық және бақ-саябақ екпелерін құрудың ғылыми-практикалық және компьютерлік-ақпараттық негіздерін әзірлеу» тақырыбы бойынша ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру жобасының жауапты орындаушысы (2018-2020 жж). Жобадағы жұмыс бағыты: жұмысты жоспарлау, эксперименттер мен талдаулар жүргізу, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу. ҚР ҒЖБМ 2023-2025 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру AP19175489 «Шетпе-Оңтүстік бор карьерінің аумағында биоалуантүрлілікті сақтаудың экологиялық аспектілерін ГАЖ технологияларын қолданумен ғылыми негіздеу» жобасының ғылыми жетекшісі (2023-2025 ж.ж.).
Биоалуантүрлілікті сақтау.
Мақалалар жазуға, экспедициялық жұмыстарға қатысу, шарттар мен есептерді, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу.