2024 жылдың желтоқсан айында мегажоба зерттеу тобының мүшелері Каражанова М.К. және Бисембаева Қ.Т. заманауи зертханалық жабдықтармен танысу үшін Гамбург қаласындағы (Германия) KRUSS компаниясында болып қайтты.
Сапар барысында мега жобаны іске асыру үшін маңызды болып табылатын фазааралық кернеуді, жанасу бұрышын және басқа сипаттамаларды талдау технологиялары зерттелді. Мұнайдың төгілуін болжау және алдын алу, сондай-ақ сутегі технологиялары саласындағы зерттеулерге қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Компанияға бару экологиялық тәуекелдерді азайтуға және энергияны үнемдейтін тұрақты шешімдерді әзірлеуге бағытталған жобаның міндеттерін шешу үшін қолайлы жабдықтар мен технологияларды анықтауға мүмкіндік берді.