14.11.2024 жылы мегагрант аясында ынтымақтастықты нығайту мен тәжірибе алмасуды көздейтін ғылыми іс-шаралар негізінде Ионосфера институты – еліміздің ең көне ғылыми орталықтарының бірі болып табылады. Бұл жерде табиғи және техногендік төтенше жағдайларға мониторинг жүргізу, геодинамикалық процестерді зерттеу бойынша озық зерттеулер іске асырылуда. ҒЖБМ-ң 2024-2026 жылдарға арналған нысаналы-мақсатты қаржыландыру аясында «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының экологиялық орнықтылығы мен тиімділігін дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» тақырыбында бағдарлама аясында концорциум негізінде бірге зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Сонымен қатар Ионосфера институтымен бірлесе табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ мониторингі, кен орындарын болжамды-іздестіру зерттеулері, мұнай перспективалы аумақтардағы геодинамикалық процестердің мониторингі, урбанизацияланған аумақтардағы техногендік процестерді зерттеуде бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша келісілді.