«Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының тиімділігін және экологиялық тұрақтылығын дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» мега жобамыз аясында тәжірибе алмасу мақсатында Назарбаев университетінің қоршаған ортаны қорғау инженериясы, инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры (Хирша индексі 41), National Laboratory Astana жетекшісі WOOJIN LEE мырзамен кездесіп, алда бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізуге келістік.
Сонымен қатар, Еуразия ұлттық университетінің «Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және ғылымды қажетсінетін технологиялар» ғылыми-зерттеу институты мен «Жасыл сутегі технологиясы», «Энергетика және функционалдық материалдар» зертханасымен таныстық.
21-25.04.2025 аралығында Астана қаласында Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) ұйымдастыруымен «GTW – Green Hydrogen: Аспекты Производства Зеленого Водорода» тренингі өтті.
Тренинг Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit (GIZ) жүзеге асыратын және Германияның Федералды экономика мен климатты қорғау министрлігінің (BMWK) «Неміс энергетикалық шешімдері» бастамасының бөлігі болып табылатын «Экологиялық таза сутегі жобаларын дамыту бағдарламасы (PDP-H2)» жобасы аясында ұйымдастырылды. Оқу апталығы Қазақстан мен Германияның экологиялық таза сутегі саласының негізгі мамандарының қатысуымен әлеуетті арттыру шаралары арқылы білім алмасуға және іскерлік әріптестік қатынастарды нығайтуға ықпал етуге арналды.
Тренингке өнеркәсіптік қауымдастықтар, өнеркәсіптік компаниялар және жасыл сутегі саласындағы неміс сарапшылары, ғалымдар қатысты.
Оқу барысында жаһандық сутегі күн тәртібімен танысып, кәсіпорындағы экологиялық таза сутегі өндірісінің әлеуетін қандай жолмен және қандай бағамен бағалай алу, сондай-ақ Қазақстанның құқықтық базасы, жергілікті/жаһандық сату және қаржыландыру мүмкіндіктері, сондай-ақ бірнеше неміс компанияларының нақты өнеркәсіптік әзірлемелері қаралды.
Тренингте өнеркәсіптік кәсіпорындардың техникалық және басқару персоналын өндіріске жасыл сутекті өндіру және енгізу процестерімен танысып, сала көшбасшылары мен неміс жасыл сутегі сарапшылары арасында білім алмасып, ынтымақтастық аясында ұсыныстар берілді. Біршама тәжірибе алмасып, алда бірлесе жұмыс жасауға байланыстар орнаттық!
Курс соңында Германияның Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) PDP-H2 жобасының жетекшісі Anja Wucke арнайы сертификат табыстады.