7–11 шілде аралығында Есенов университетінде BR24992964 «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының тиімділігін және экологиялық тұрақтылығы дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу»  бағдарламасы аясында  күнтізбелік жоспардың келесі бір сатысын жүзеге асыруға бағытталған MIKE бағдарламалық кешенімен жұмыс жүргізудің практикалық әдістерін меңгеру бойынша курс өтті. 

Курс барысында Ионосфера институтының жетекші мамандары теңізде мұнай төгілуін модельдеуге арналған MIKE бағдарламалық кешенімен жұмыс істеу әдістерін іс жүзінде көрсетіп, модель параметрлерін енгізу, нәтижелерді өңдеу мен талдау, сондай-ақ бағдарламаның нақты қолданбалы мүмкіндіктерін тереңірек түсіндірді.

Зерттеу тобының мүшелері, әсіресе докторанттар бұл күрделі процестерді ерекше қызығушылықпен меңгеріп, кәсіби деңгейлерін жаңа сатыға көтерді.

Ғылыми ынтымақтастықтың дамуына және тәжірибе алмасуға жол ашқан бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың консорциум мүшесі болып табылатын Ионосфера институтының ұжымына алғысымыз шексіз! Мұндай курстар – зерттеу тобы мүшелерінің ғылыми әлеуетін арттырып қана қоймай, оның көкжиегін кеңейтіп, заманауи шешімдердің қалыптасуына үлкен серпін беретіндігі сөзсіз!

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like