Yessenov University делегациясы ҚР бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізіндегі ИРН BR24992964 «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыру мақсатында интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» бағдарламасы аясында әлемдік деңгейдегі су электролизі және сутегі технологиялары саласында жұмыс істейтін Electro Power Cell Energy Technology компаниясына барды
Бұл компания PEM және AEM электролизерлерін, отын элементтерін, жылу мен электр энергиясын біріктіріп өндіретін жүйелерді (CHP), сондай-ақ күн, сутегі және электр энергиясын біріктіретін интеграциялық платформаларды әзірлеумен және өндірумен айналысады
Yessenov University делегациясы Мега жоба аясында Жасыл технологияларын орталығын құруда жаңа технологиялармен танысып, тәжірибе алмасып, болашақ ғылыми жобаларға серіктестік мүмкіндіктерін талқылады. Еліміздегі жас мамандар үшін мұндай сапарлар білім мен инновацияны ұштастыруға үлкен мүмкіндік береді
