Теңіз академиясының профессор-оқытушылар құрамы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, су көлігін басқаруда инновациялар мен «жасыл» технологияларды енгізуге бағытталған мақсатты қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысады.
Төрт жылдық бағдарлама халықаралық стандарттарға сәйкес білікті мамандарды сертификаттауды, сондай-ақ теңіз ғылымы мен технологиясы бойынша озық зерттеулер жүргізуді мақсат етеді.
Жобаның міндеттерін сәтті орындау үшін теңіз академиясы бірқатар қадамдар жасады. Сонымен, 2024 жылдың сәуірінде Ресейдің теңіз кеме қатынасы тіркелімі Yessenov University-ді сертификаттауға құқығы бар халықаралық ұйым деп таныды.
