Есенов университетінің Инжиниринг факультетінде Германияның Hamburg University профессорлары Dr. Sebastian Timmerberg және Dagmar Rokita мырзалармен ғылыми кездесу өтті.
Кездесу барысында BR24992964 «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының тиімділігін және экологиялық тұрақтылығын дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» атты мега жоба шеңберіндегі зерттеу жұмыстары талқыланды. Жоба Каспий теңізінің қоршаған ортасына әсерін азайта отырып, теңіз операцияларының энергия тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, жасыл сутегі өндірісі және оның экологиялық аспектілері бойынша бірлескен ғылыми жобаны гранттық қаржыландыру конкурсына ұсыну, бірлесе орындалатын Халықаралық жобалар мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесу барысында студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру бағдарламалары, сондай-ақ Германиядағы тағылымдамалар мен зерттеу тәжірибелері бойынша өзара пікір алмасу өтті.
Бұл кездесу – халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға және болашақ бірлескен жобаларға жол ашатын маңызды қадам.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like