Бұл мақалада Қазақстандағы төрт елді мекенді, атап айтқанда Ақтау, Форт-Шевченко, Жаңаөзен және Атырауды, жел энергиясымен жұмыс істейтін кері осмос арқылы суды тұщыту жүйелерін орнату үшін басымдық бойынша бағалау мақсатында көпкритерийлі шешім қабылдау әдістерінің бірі — идеалды шешімге ұқсастық бойынша тәртіп артықшылығын анықтау әдісі (TOPSIS)  қолданылды.

Осыған байланысты балама нұсқаларды ранжирлеу үшін әртүрлі критерийлер қарастырылды. Қарастырылған критерийлердің ішінде тұщытылған суға деген қажеттілік және жер ресурстарының қолжетімділігі сарапшылар тарапынан ең жоғары бағаларға ие болып, олардың ең маңызды критерийлер екені анықталды.

TOPSIS әдісі негізінде жүргізілген талдау нәтижесінде аталған балама нұсқалардың ішінде Ақтау бірінші орынға ие болды. Одан кейін Форт-Шевченко, Атырау және Жаңаөзен орналасты.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like