Жұмаев Жолдыбай Жұмаевич

– техника ғылымдарының докторы, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті Теңіз академиясының профессоры.
Өмірбаян
Ғылыми зерттеу бағыты
Бағдарламада орындайтын жұмыстары

Жумаев Жолдыбай 1990 жылы Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша бітірді. 1996 жылы  «Блокты өндіруге арналған қайта тиеу машиналарының жүк көтеру құрылғыларының кернеулі-деформациялық күйі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап,  05.05.05-«Көтергіш көлік машиналары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2007 жылы  «Каспий теңізі астындағы топырақты өңдеуге арналған жер қазатын машиналардың ковш тәрізді жұмыс органдарын жасаудың ғылыми негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, ҚР БҒМ БҒССҚК 31.10.07 ж. №5 хаттаманың шешімімен 05.05.05-«Көтергіш көлік машиналары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. 2008 жылғы 25 қыркүйекте №10 хаттаманың шешімімен КӨЛІК мамандығы бойынша «Доцент» ғылыми атағы беріліп, 2010 жылғы 30 желтоқсанда Ғылыми кеңестің №2 хаттаманың шешімімен Теңіз көлігі мамандығы бойынша Ш.Есенов атындағы КТИУ профессоры академиялық ғылыми атағы берілді.

«ЖОО үздік оқытушысы-2015» ҚР БҒМ мемлекеттік сыйлығының иегері. 2017 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрінен Алғысқа иә болды. 2014-2018 жылдары Ресейдің Новороссийск қаласындағы «Адмирал Ф.Ф.Ушаков атындағы мемлекеттік теңіз университетінің «Су көлігін пайдалану» факультетінің «Кемежүргізу» мамандығын ойдағыдай бітіріп, «Кемежүргізуші-инженер» біліктілігімен қоса, 10 сертификат 3 диплом иесі, 2018 жылы Есенов Университетінің Президент-ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлы «Университетті дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалының иегері. 2019 жылы білім мен ғылымды дамытудағы зор үлесі үшін «Шахмардан Есенов» атындағы төс белгісімен марапатталды. «Қазақстанның жыл мұғалімі-2020» Ұстаз орденінің иегері. 2021 жылы ҚР ҒЖБМ-ң «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды. 2024 жылы Ғылым қызметкерлері күніне орай теңіз көлігі саласындағы ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Көлік министрінің қолынан «Құрмет грамотасы» дипломымен марапатталды. 2023-2024 оқу жылында негізгі тиімділік көрсеткіштері (KPI) бойынша жоғары нәтиже көрсеткені және университетіміздің білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Есенов Университетінің Президенті Б.Ахметов  «Құрмет грамотасы» дипломымен марапаттады. 2024 жылы ҚР Президенті жанындағы ҰҒА «КӨЛІК» Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» М.Тынышбаев атындағы төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Президент жанындағы ашылған Ұлттық Ғылым Академиясының «Жер, Ғарыш және Коммуникациялар» туралы ғылымдар орталығының «Көлік» ғылымы секциясының «Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша мүшесі. Адмирал Ф.Ф.Ушаков атындағы мемлекеттік теңіз университетінің «Су көлігін пайдалану» ғылыми ВАК журналының басредакциясының орынбасары.  Астрахань мемлекеттік университетіндегі «Интеллектуальная логистика» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі.  «Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша Республикалық оқу әдістемелік кеңесінің ғылыми хатшысы. Астана қаласындағы «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының сараптамалық қызмет көрсету бойынша «Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығының магистратура бойынша сарапшысы.

Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша 150-тен астам ғылыми мақала, оның ішінде Халықаралық шетел ғылыми журналдарында, Web of science ақпараттық компаниясының деректер базасында импакт-факторға ие басылымдарда – 6 және Скопус деректер базасына кіретін басылымдарда – 4 мақаласы жарияланған. Хирша индексі – 2. Шығармашылық еңбектер – 18 (4 оқулық, 10 оқу құралы, оның ішінде 2 ағылшын тілінде, төртеуі ҚР БҒМ РОӘК грифімен және 4 монография). Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 4 патент, 15 әдебиеттік туындысына авторлық куәлік алған.

Қазақстан Республикасының өнертабысына Каспий теңізіне арналған 3 патент иегері:

(№1670 Ұлттық Зияткерлік Меншік институты) бойынша Баутино    портында – «Теңіздегі мұнай операцияларын қолдау базасы» құрылып Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімінен мемлекеттік бағдарламаға енгізілген №2 АКТ – мен қолдау көрсетілсе, 2-Патент (№3794 Ұлттық Зияткерлік Меншік институты)  бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда  портында – «Ақтау портында причаль салу әдістері» ғылыми жұмысы қабылданып АМТП портының бас директорының портқа енгізілу туралы №038 АКТ – мен дәлелденсе, 3-Патент (№7940 Ұлттық Зияткерлік Меншік институты)   бойынша Көліктік бақылау комитетінде – «Иртыш өзенінде ғылыми жобаның қорытындысы қолданысқа әзір» деген комитет мүшелерінің бірауыздан қабылданып Көлік министрінің №3201  – шолу хатымен жүзеге асқан.

2013-2014 жылдары БОЛАШАҚ бағдарламасымен Нидерландының Терсхеллинг қаласындағы «Виллема Баренца» халықаралық теңіз институтында тағылымдаман өтті. ҚР Халықаралық Теңіз Ұйымының «Ақ тізіміне» енуі мақсатында еліміздің Халықаралық Конвенция Маниль түзетулерімен барлық талаптарына сәйкес екендігін білдіретін кәсіби куәліктелендірілген теңіз мамандарын даярлау бойынша білім беретін жаңа стандарт әзірлеген 3 диплом иесі: Білікті инструктор (БИ); Бағалаушы супервайзер (БС); Кәсіби инструктор (КИ).

Сонымен қатар Виллем Баренца институты ғалымдарымен бірігіп жасаған «Қазақстан-Нидерланды арасындағы екі жоғары оқу орындарының бірлесіп теңіз мамандарын дайындау» Батыс Европа жобасының үздігі атанып, 2 млн.евро тұратын кеменің толық тренажерын Қазақстанға өз қолымен алып келді. Тренажерды Есенов Университетіне орнатып, өзі шарт жасаған Меморандум нәтижесінде 2018 жылы Теңіз академиясы ашылды.  Содан бері навигациялық тренажер Polaris (Kongsberg) және машина бөлімшесі  Neptun (Kongsberg) тренажерларында Халықаралық Конвенцияның  STCW-78/95/2010 стандартымен кемежүргізушілерге ағылшынша сабақ береді.

2024 жылы Халықаралық Теңіз Ұйымының нәтижелері бойынша теңіз жоғары оқу орындарының алғашқы 10 оқу орнына кіретін жетекші жоғары оқу орындарының бірі адмирал Ф.Ф.Ушаков атындағы Мемлекеттік Теңіз Университетінің  ғылыми орталығымен мен зертханаларында «Ақтау портындағы мұнай құю-түсіру терминалының қашықтан тіреу құрылғыларын әзірлеу, жобалау және салу (Отзыв №27-72-38  05 наурыз 2024 ғылым жұмыстары бойынша проректор Е.В.Хекерт бекіткен)» және «Каспий теңізінің қазақстандық секторының су асты жағдайында жұмыс істейтін шөміш жұмыс органдарын жобалау және есептеу бойынша ұсыныстар (Отзыв №56-69-329  05 наурыз 2024 халықаралық жұмыстар бойынша проректор Д.Е.Студеникин ұсынысы)» бағдарламалары бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

ҚР ҒЖБМ гранттық, нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру негізінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

ҚР ҒЖБМ  2024-2026 жылдарға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған ИРН AP23490299 «Каспий теңізінің тартылуына байланысты Ақтау теңіз сауда портында қашықтан арқандап байлау құрылғысын орнату есебінен мұнайды ауыстырып тиеу көлемін ұлғайту» тақырыбындағы жобаның ғылыми жетекшісі.

ҚР ҒЖБМ 2024-2026 жылдарға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған ИРН AP23490298 «Көгілдір экономикадағы ашық инновациялар контекстінде су астындағы тау-кен өндірудің драглайн механизмін жаңғырту» тақырыбындағы жобаның мүшесі.

ҚР ҒЖБМ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық  зерттеулерін гранттық қаржыландыру ЖТН АР23490657 «Солтүстік Каспийдің қазақстандық секторының экологиялық жағдайы мен су динамикасын зерттеу» жобасының аға ғылыми қызметкері.

2024-2026 жылдарға Есенов университеті теңіз академиясы ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған «Каспий теңізінің теңіз каталогтарын, карталарын және орындарын талдау және зерттеу» тақырыбындағы жоба мүшесі.

Ғылыми жетекшілігімен 3 жыл қатарынан халықаралық, республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарынан, ғылыми жобаларға қатысқан студенттер жобаларын қорғап 1-2 орындарды иеленді. Ғылыми жетекшілігімен 10 магистрант магистр атағына ие болды, қазіргі уақытта  Новороссийск қаласында адмирал Ф.Ф.Ушаков атындағы Мемлекеттік Теңіз Университетінде докторант Смағұлова Эльвира Сағынқызының 2025 жылы қорғайтын докторлық диссертациясына ғылыми жетекшілік етуде.

Каспий теңізінің теңіз каталогтарын, карталарын және орындарын талдау және зерттеу,      Каспий теңізінің қазақстандық секторының су асты жағдайында жұмыс істейтін шөміш жұмыс органдарын жобалау және есептеу, Каспий теңізінің тартылуына байланысты Ақтау теңіз сауда портында қашықтан арқандап байлау құрылғысын орнату есебінен мұнайды ауыстырып тиеу көлемін ұлғайту, Ақтау қаласындағы «Арнайы IT-мектеп» және «Оқушылар сарайы» оқушыларынан арнайы құрылған топты Теңіз академиясы жанынан ашылған «Кеме модельдеу» үйірмесінің ғылыми жобаларымен таныстырып республика дәрежесінде жас ғалымдарды болашаққа тәрбиелеуге арналған мекиеп ашу. 

Жобаны сараптау, жұмыстарды біркелкілеу, шарттарды орындау, мақалалар-әдістемелер жазу, тренажерлық лабораториялық жұмыстарды басқару, есептер жасау.