Yessenov University жас зерттеушілері Қыдырбаев Ескендір мен Сансызбай Ырысжаннан құралған Quasar командасы экологиялық мониторинг саласындағы инновациялық жобасымен байқауға қатысып, II орынға ие болды және 2 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы иеленді!
Жас зерттеушілер байқауға Caspian Monitor жобасын ұсынды. Бұл – LoRaWAN желісі негізінде Каспий теңізі акваториясына үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізуге арналған жүйе.
Жоба Каспий теңізінің экологиялық жағдайы туралы деректерді тұрақты жинауға, оларды қашықтан жіберуге және арнайы цифрлық панель арқылы бақылауға мүмкіндік береді. LoRaWAN технологиясы ақпаратты аз энергия жұмсай отырып алыс қашықтыққа жеткізуге жағдай жасап, жағалау аумағы мен теңіз акваториясындағы мониторингті тиімді ұйымдастыруға бағытталған.
Команда жобаның жұмыс істейтін MVP-нұсқасын әзірледі. Жүйе бір команда арқылы іске қосылып, бірнеше минут ішінде мониторинг панелі мен API құжаттамасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жобаның ғылыми нәтижелері BR24992964 «Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз операцияларының экологиялық орнықтылығы мен тиімділігін дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын нысаналы бағдарламалық қаржыландыру аясында алынды. Қазіргі уақытта осы әзірлеме негізінде стартап-жоба жүзеге асырылуда.
Бұл жетістік – ғылыми зерттеу нәтижелерінің нақты цифрлық шешімге айналып, Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

#YessenovUniversity #Quasar #CaspianMonitor #КаспийТеңізі #ЭкологиялықМониторинг #LoRaWAN #ЖасЗерттеушілер #Инновация #ЦифрлықТехнологиялар #ҒылымиЖоба

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like