Yessenov University Мега жоба аясында есептік кездесу! «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыру мақсатында интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» мега жобасы аясында 2025 жылға жоспарланған ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу барысы бойынша есептік кездесу өтті.
Кездесу барысында бағдарламаның ағымдағы кезеңдерінің іске асырылу деңгейі талданып, негізгі ғылыми нәтижелер мен қол жеткізілген көрсеткіштер сарапталды. Атап айтқанда:
теңіз операцияларының энергия тиімділігін арттыруға бағытталған интеграцияланған технологиялық шешімдерді әзірлеу;
энергия тұтынуды оңтайландыру модельдерін қалыптастыру;
экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін инновациялық тәсілдерді енгізу;
ғылыми-зерттеу зертханаларының инфрақұрылымын жетілдіру;
стартап бастамаларын әзірлеу және коммерцияландыру әлеуетін арттыру;
зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету және техникалық қолдау тетіктерін жүйелеу мәселелері қарастырылды.
Бағдарлама шеңберінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүзеге асырылатын теңіз операцияларының технологиялық және экологиялық тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді ғылыми негіз қалыптастыру көзделуде.
Алдағы кезеңде ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңдету, пилоттық технологиялық шешімдерді сынақтан өткізу және өндірістік ортаға бейімдеу бойынша жүйелі іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
Жоба нәтижелері аймақтық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, жасыл энергетикаға көшу және тұрақты даму қағидаттарын іске асыруға бағытталған.
