
Баратова Әлия Әмірханқызы – физика-математика ғылымдарынының кандидаты, PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика факультетінің «Физика» мамандығы бойынша үздік бітірген, 2003-2005 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика факультетінің «Физика» мамандығы бойынша магистратурасын үздік бітірген, 2005-2007 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің «Конденсирленген күй физикасы» мамандығы бойынша аспирантурасын бітірген, 2010 жылы Ядролық физика институты қарамағындағы Диссертациялық кеңесте «Исследование фотофизических процессов на поверхностях с фрактальной размерностью» тақырыбында кандидаттық диссертациясын 01.04.07 – «Конденсирленген күй физикасы» мамандығы бойынша қорғап, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген (диплом ҒК №0004538). Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 965 бұйрығымен қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алғаннан кейін 20-дан астам ғылыми еңбек жазды, оның ішінде Scopus және Web of Science базасына кіретін ғылыми журналдарда – 7 (CiteScore 35% жоғары), уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда – 10, монография – 1, және басқа да отандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы еңбектері бар.
Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми грант иегері (2008-2010, 2010-2012). «Педагогикалық диагностика, бағалау және білім сапасын басқару» бағдарламасы бойынша «Болашақ» Қазақстан Республикасы президенттік стипендиясының стипендиаты, Монтре Бизнес Мектебі, Швейцария, 17.02.2014-25.04.2014.
2024 жылғы 13 қазаннан 24 қазанға дейін Германия, Франция және Нидерланды елдерінде өткен «Еуропаның жетекші университеттерінде оқытудың заманауи әдістері: тәжірибе мен инновациялар» атты Еуропалық бағдарлама аясында біліктілігін арттырды.
Ғылыми қызығушылығы:
Радиациялық материалтану, ядролық және сутектік энергетикаға арналған жаңа материалдарды синтездеу, отын элементтері, наножүйелер мен нанотехнологиялар, күрделі жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру.
Каспий теңізінің экологиялық мониторингі, күн-жылу тұщыландырғышы, ақаба суларды тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою.
Жобаны басқару, жұмыстарды жоспарлау, шарттар жасасу, мақалалар жазуға, экспедициялық жұмыстарға қатысу, баяндамалар жасау, шарттар мен есептерді ресімдеу.