ҚР ҒЖБМ BR24992964 «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыру мақсатында интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» мега жобамыз аясында
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдарымен бірге «Қатты оксидті электролиздік элементтер үшін Pr₁–ₓSrₓFe₁–γCoγO₃–δ перовскитті материалын алу тәсілі» (Способ получения перовскитного материала Pr₁–ₓSrₓFe₁–γCoγO₃–δ для твердооксидных электролизерных элементов) атты пайдалы модельге патент алынды!
Бұл зерттеу қатты оксидті электролиздік элементтер (SOEC) үшін жоғары температуралық тұрақтылық пен электрөткізгіштік қасиеттері бар жаңа перовскитті материалдарды синтездеу технологиясын ұсынады. Аталған материалдар болашақта жасыл энергия, сутек өндіру және экологиялық таза теңіз технологияларын дамытуда маңызды рөл атқарады.
Ғылыми ізденістеріміз Қазақстанның тұрақты энергетикалық болашағына өз үлесін қосуда!
