2025 жылғы 15 қазан күні Yessenov University Инжиниринг факультетінде халықаралық серіктестік және BR24992964 «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыру мақсатында интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» мега жоба аясында маңызды кездесу өтті.
Кездесуге жобамыздың зерттеу тобының халықаралық мүшелері қатысты:
Профессор Qamar Abbas, Poznan University (Хирша индексі: 23)
Профессор Xueue Pan, Zhongshan Polytechnic университетінен.
Кездесу барысында жобаның ағымдағы кезеңдері, энергия үнемдеу технологияларын енгізу жолдары, стартап бастамаларын дайындау, сондай-ақ оған қажет зертханалық жабдықтар мен техникалық қолдау мәселелері талқыланды.
Бұл ғылыми серіктестік — теңіз экожүйесін сақтау мен инженерлік шешімдерді экологиялық тұрғыдан оңтайландыру бағытында маңызды қадам.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like