Жаңа ғылыми жаңалық — жаңа мүмкіндік!
Yessenov University Есенов университетінің Мега жобасы аясында тағы екі маңызды ғылыми нәтиже тіркелді. Қазақстан Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік институтынан екі бірдей пайдалы модельге патент алынды:
«Қатты оксидті отын элементіне арналған катод материалын синтездеу әдісі»
«Қатты оксидті отын элементтеріне арналған SrCe0.5Zr0.3Y0.1Me0.05Zn0.05O3-δ протон өткізгіш перовскит материалын алу тәсілі»
Аталған технологиялар болашақта баламалы энергетика мен жоғары тиімді отын элементтерін дамытуға өз үлесін қоспақ.
Жаңа идеялар мен үлкен жетістіктер жалғасын таба берсін!
