Yessenov University Жаңа оқу ғимаратының Теңіз Академиясының ашылуы — Қазақстандағы теңіз білімін дамытуға, Маңғыстауды Каспий өңіріндегі ірі көлік-логистикалық және теңіз хабына айналдыруға бағытталған маңызды қадам.
Бұл — университетіміздің ғана емес, тұтас өңір мен ел болашағына салынған инвестиция!
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында университет ғылымын және ғылыми инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне баса назар аудару қажет екендігін атап өтіп, ҚР ҒЖБМ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру арқылы академиялық басымдық орталықтарының элементтері бар инжинирингтік орталықтар құру тапсырған болатын. Бұл стратегиялық бастама Есенов университеті Теңіз академиясы базасында еліміздің теңіз саласына арналған жетекші білім беру және ғылыми орталықты дамытуға негіз болып, академиялық басымдық орталығын құру жобасының жүзеге асуына серпін берді.
Есенов университеті ҚР ҒЖБМ нысаналы-бағдарламалы қаржыландыру аясындағы “Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының экологиялық орнықтылығы мен тиімділігін дамыту үшін интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу” бағдарламасы аясында академиялық басымдық орталықтарының элементтері бар инжинирингтік орталықтар құру мақсатында әлемдік теңіз технологиялары саласындағы жетекші Норвегияның Kongsberg компаниясының теңіз симуляторлары, Ресейдің «Сторм» компаниясының тренажерлары және IMO халықаралық стандарттарына сәйкес мультимедиялық оқу модульдері орнатылды.
Бұл кешендер студенттердің шынайы кеме жүргізу жағдайларында тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, халықаралық ПДНВ/STCW 78/95 талаптарына сәйкес теңіз мамандарын сертификаттау жүйесі енгізіліп, қазақстандық мамандардың халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашылды.
