Ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында QS World University Rankings 2027 рейтингінде әлем бойынша 111-орынға, ал Италиядағы көпсалалы университеттер арасында 1-орынға шыққан Рим қаласындағы Сапиенца университетіне (Sapienza Università di Roma) BR24992964 «Қазақстандық Каспий теңізі секторындағы теңіз операцияларының экологиялық тұрақтылығы мен тиімділігін дамытуға арналған интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» бағдарламасы аясында жоба жетекшісі Сырлыбекқызы Самал ғылыми іссапармен барып қайтты.
Іссапар барысында университет ғалымдарымен кездесулер өткізіліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзекті бағыттары, заманауи зертханалық мүмкіндіктер және бірлескен халықаралық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ғылыми тәжірибе алмасу, зерттеу нәтижелерін практикалық тұрғыда қолдану және алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалды.
Бұл сапар халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтып, жаңа зерттеу бастамалары мен бірлескен жобаларға жол ашады деп сенеміз.
